Шетелдік нөмірлі көлік иелері елордаға жиналып, шағымдарын айтты

Шетелдік нөмірлі көлік иелері елордаға жиналып, шағымдарын айтты

Шетелдік нөмірлі көлік иелері елордаға жиналып, шағымдарын айтты
ашық дереккөзі
329
Қазақстанның әр аймағындағы Армения, Қырғызстан нөмірлі көліктердің иелері елордаға жиналды. Уақытша тіркеу, тұрақты тіркеуге алынатын алымдар мен төлемдерге қарсымыз деген наразы топ өз облыстарында нақты жауап ести алмаған соң үкімет өкілдерінің аузынан бір шешімін есту үшін келген. Бұл туралы 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасы хабарлады. Әр аймақтан келген көлік иелері осы мәселеге жауапты бірнеше орган өкілдерімен кездесуге келіскен. Жиынға келген армян нөмірлі көліктерге арнайы орын дайындап қойған полицейлер тіпті оларды тұраққа қоюға да көмектесіп жатты. Ал аймақтарда жағдай мүлдем керісінше екен. Делегаттар аймақта мыңдаған адамның аманатын арқалап келдік дейді. Әр өңірдің атынан екі-үш адамнан келіпті. Бәрінің талабы бір. "Бүкіл Қазақстанды санасақ 170 мың шетелдік нөмірлі көлік жүгізушілері бар. Олардың отбасын қосқанда бұл көрсеткіш миллионға дейін жетеді. Қазір уайымдап отырған себеп те сол. Өздерінің талаптары бойынша, біздің көліктерге уақытша тіркеуге мәжбүрлеу  - дұрыс емес жағдай", - деді көлік жүргізушісі Дастан Құладанов. Азаматтар уақытша тіркеуге тұру үшін талап етілетін миллион теңгеден асатын төлемдер мен тұрақты тіркеуге қажетті утилизациялық алымдарға қарсы. Жүргізушілер халыққа оңтайлы жағдай қарастырсын дейді. Көлік иелерімен кездесуге келген үкімет өкілдері бірден журналистерді кіргізуден бас тартты.  Бастысы азаматтардың мәселесін білеміз деп отыр. Мұнымен қоймай ғимаратқа ұялы телефонмен кіруге де шектеу қойылыпты. Түптеп келгенде үш мың шақырым жерден келген делегаттар не журналистер кірмесе, не өзіміз бейнетаспаға жазбасақ, осы жерде айтылғанды қалай жеткіземіз деп наразылығын айтып жатты. Мемлекеттік орган өкілдері жабық жайдайда өткен жиында азаматтардың талаптарын тыңдап, үкіметке ұсынып көреміз депті. Нақты шешім шықпаған соң көлік иелері енді заң шығарушы орган ретінде сенаттың төрағасына хат жазбақ.

Серіктес жаңалықтары