АҚШ-та Трамптың әскери өкілетін шектейтін резолюция мақұлданды

АҚШ-та Трамптың әскери өкілетін шектейтін резолюция мақұлданды

АҚШ-та Трамптың әскери өкілетін шектейтін резолюция мақұлданды
ашық дереккөзі
285

АҚШ Сенаты 13 ақпанда президенттің Иранға қатысты әскери операциялар жүргізу өкілетін шектейтін резолюцияны қабылдады.

Қаңтар айының басында өкілдер палатасы құжатты мақұлдаған. Сенаттағы 47 демократтан бөлек 8 республикашыл құжатты қолдап дауыс берді. 45-і қарсы болды. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 

Бұған дейін Дональд Трамп республикашылдарды құжатты қолдамауға шақырған. "АҚШ сенаты Иран бойынша әскери өкілет туралы резолюцияға дауыс бермеуі тиіс, бұл елдің қауіпсіздігі үшін маңызды. Бізде Иран бойынша бәрі жақсы, қазір әлсіздік көрсететін уақыт емес" деп жазды Трамп Twitter-де. Егер Трамп құжатқа вето қойса, құжаттың қабылдануы үшін 67 сенатордың дауысы керек. Сарапшылар мұндай жағдайда құжат қабылдана қоймас деп болжайды.

 

Серіктес жаңалықтары