Жемқорлық індеті өршіп тұрған әкімдіктер анықталды

Жемқорлық індеті өршіп тұрған әкімдіктер анықталды

Жемқорлық індеті өршіп тұрған әкімдіктер анықталды
ашық дереккөзі
350
 Сыбайлас жемқорлық фактілері жиі тіркелетін әкімдіктер анықталды. ҚазАқпараттың хабарлауынша, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова аймақ әкімдіктеріндегі парақорлыққа қатысты статистиканы ұсынған. «Әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің арасында жемқорлық үшін сотталғандардың ең көп саны Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында кездеседі – 37, содан кейін Жамбылда – 30, Ақмолада – 19, Алматы мен Қостанайда – 15, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында – 14», - дейді Анар Жарова. Сонымен бірге, спикер жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа көбірек ұшырайтын салалары туралы түсінік берді. «Мониторинг көрсеткендей, жергілікті атқарушы органдарда жемқорлық қылмыстар көбінесе білім беру саласында (54), жер қатынастары (29), ауыл шаруашылығы (27), сәулет және құрылыс (25), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (19) салаларында жасалады», - деп атап өтті ол.    

Серіктес жаңалықтары