287
Ұлттық банк төрағасы Президентке есеп берді
Ұлттық банк төрағасы Президентке есеп берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Ұлттық банк төрағасы президентке биылғы қаңтар айындағы қаржы-кредит саясатының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
Ерболат Досаев үкіметтің кеңейтілген отырысында президенттің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімдеді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудың 2019 жылғы есебі берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.