Президенттің Германияға не үшін баратыны белгілі болды

Президенттің Германияға не үшін баратыны белгілі болды

Президенттің Германияға не үшін баратыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына (Германия) жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-16 ақпан аралығында Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына қатысу үшін Мюнхен қаласына (Германия) жұмыс сапарымен барады. Сапар бағдарламасы бойынша Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады және бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ, академиялық топтардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған», - дейді Берік Уәли facebook парақшасында. Аталған іс-шараға 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы істер және қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар қатысады. Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы – ең ірі жаһандық бейресми форумдардың бірі. Конференцияда қазіргі заманның көкейтесті сын-қатерлері мен қауіптері талқыланады.