жексенбі, 20 сәуір, 2025

Елордада екі мектепке араб шейхтарының есімі берілді

/
Елордада екі мектепке араб шейхтарының есімі берілді
ашық дереккөзі
Елордада екі мектепке араб шейхтарының есімі берілді Үкімет басшысы Асқар Маминнің қаулысымен елордадағы 12 мектепке білім-ғылым, саясат, мәдениет пен руханиятқа еңбек сіңірген зиялылардың есімі берілді,  деп жазды baq.kz. Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 44 қаулысы бойынша:
  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 10 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жұмабек Тәшеневтің есімі;
  2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 48 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;
  3. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 52 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бейімбет Майлиннің есімі;
  4. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 56 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шәкәрімнің есімі;
  5. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 57 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мәшһүр Жүсіптің есімі;
  6. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 58 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ілияс Жансүгіровтің есімі;
  7. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 68 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Міржақып Дулатұлының есімі;
  8. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 76 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейханның есімі;
  9. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 80 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сәкен Сейфулиннің есімі;
  10. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 84 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянның есімі;
  11. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 85 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәнидің есімі;
  12. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына әл-Фарабидің есімі берілді.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енді.
Бөлісу: