333
Премьер-Министрдің орынбасары тағайындалды
Премьер-Министрдің орынбасары тағайындалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың №265 жарлығымен Ералы Тоғжанов Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды.
Жаңадан сайланған вице-премьердің кандидатурасы бүгін Мәжіліс үйінде өткен Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі палата комитетінің отырысында мақұлданды. Премьер-министрдің тапсырмасымен Канцелярия жетекшісі Ғалымжан Қойшыбаев Ералы Лұқпанұлының мол жұмыс тәжірибесі мен жоғары кәсібилігін тілге тиек ете отырып, оның кандидатурасын ұсынды.
Комитет отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеті ҚР Конституциясының «Қазақстан Республикасының Парламенті және ондағы депутаттар мәртебесі туралы» 22-1 бабына сәйкес, Премьер-министр ұсынған Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың кандидатурасын ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметіне лайық деп санайды» деген тұжырым жасалды.
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (1983-1988 жж.) құқықтану мамандығы бойынша бітірген. ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтын (1991-1994жж.) тәмамдаған, мамандығы – заңгер.
- 1991 жылдан 1998 жылға дейін Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында оқытушы;
- 1994-1996 жж. ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер;
- 1996 жылдан бастап Қазақ гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультетінің аға оқытушысы, декан орынбасары;
- 1994 жылдан бастап аталған университеттің халықаралық құқық факультетінің деканы;
- 1999 жылы филиал деканы;
- 2001 жылы Астана қаласының Қазақ гуманитарлық заң университетінің Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры;
- 2001-2006 жж. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
- 2006-2008 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істер комитетінің төрағасы;
- 2008 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Өкімімен Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі;
- 2017 жылдың наурызында Маңғыстау облысының әкімі;
- 2019 жылдың қыркүйегінде Кәсіподақтар федерациясының төрағасы қызметтерін атқарды.