«Жұмысты жалғастыруды әкім ретінде моральдық тұрғыдан ауыр деп есептедім» – А.Мырзахметов (видео)

«Жұмысты жалғастыруды әкім ретінде моральдық тұрғыдан ауыр деп есептедім» – А.Мырзахметов (видео)

«Жұмысты жалғастыруды әкім ретінде моральдық тұрғыдан ауыр деп есептедім» – А.Мырзахметов (видео)
ашық дереккөзі
Облыс активінде сөз алған Асқар Мырзахметов бұған дейін өңірдің дамуы жолында жұмыла еңбек еткен барша жамбылдықтарға алғыс айтып, жемісті жұмыстар жалғасын таба беретініне сенім білдірді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Жасұлан Әбдіхалық фейсбук-парақшасында жариялады.  «Өкінішке орай Қордай ауданында қайғылы жағдай орын алды, бірнеше азамат қаза болып, 170-тен астам адам жарақаттанды. Бұл тек жамбылдықтарға ғана емес, барша елімізге оңай тимеді. Осы тұрғыда мен облыс әкімі ретінде жұмысты жалғастыру моральдік тұрғыда ауыр деп есептедім. Сондықтан Президентке өз еркіммен отставкаға кету туралы өтініш жаздым. Шешімімді қабылдаған Мемлекет басшысына рахмет», – деді А.Мырзахметов. Жамбыл облысының қазіргі әкімі БердібекСапарбаев өзіне сенім артқан Елбасы мен Мемлекет басшысына алғысын білдірді, Асқар Исабекұлының іскерлігіне тоқталып, өңірде қолға алынған іргелі істер мен жарқын жобалар жалғаса беретінін айтты. https://www.youtube.com/watch?v=ZIBC-VXISHs