жексенбі, 20 сәуір, 2025

Делдалдар қордағы медициналық масканы Қытайға сатқан

/
Делдалдар қордағы медициналық масканы Қытайға сатқан
ашық дереккөзі
Делдалдар қордағы медициналық масканы Қытайға сатқан Денсаулық сақтау министрлігі елімізде, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысына медициналық масканың неліктен жетіспей жатқанын түсіндірді. – Кәсіпкерлер мен алыпсатарлардың запастағы медициналық маскаларды Қытай Халық Республикасына сатқаны анықталды. Осыған байланысты масканы шетелге экспорттауға тыйым салынып отыр, – деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп. Оның айтуынша, жетіспей жатқан тауарды енді шетелден импорттаймыз.  Шығыс Қазақстанның өзіне 2 миллион дана медициналық маска алынбақ. Еске салайық, бұған дейін ШҚО тұрғындары маска тапшылығына байланысты алаңдаушылық білдірген болатын. Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы
Бөлісу: