Президент Қордайдағы қақтығысқа жол берген бірқатар шенеунікті қызметінен босатты

Президент Қордайдағы қақтығысқа жол берген бірқатар шенеунікті қызметінен босатты

Президент Қордайдағы қақтығысқа жол берген бірқатар шенеунікті қызметінен босатты
ашық дереккөзі
20216
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты бірқатар мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан босатуды тапсырды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.  Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовке  облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмысына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды. Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы А.Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды. Айта кетейік, бұған дейін Президент Twitter-парақшасында: «Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!», – деп жазған болатын.

Серіктес жаңалықтары