жексенбі, 20 сәуір, 2025

Түркістан облысына 441 млрд теңгеден астам инвестиция салынған

/
Түркістан облысына 441 млрд теңгеден астам инвестиция салынған
ашық дереккөзі
Түркістан облысына 441 млрд теңгеден астам инвестиция салынған Түркістан облысы бойынша былтыр негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 441 млрд 214 млн теңге, 2018 жылмен салыстырғанда 38,5 пайызға артқан, – деп жазды ҚазАқпарат. Бұл туралы Түркістан облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте: «Инвестиция салымдарының басым бөлігі өнеркәсіп және жылжымайтын мүлік салаларына тиесілі. Негізгі инвестициялық салымдардың 85,3% шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, көлемі – 376 млрд 207 млн теңге», – деді. Бұдан өзге, Түркістан облысы бойынша былтырғы өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 498 млрд 347 млн теңге, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға артық. Тиісінше, облыстың өнеркәсіп өнім көлеміндегі республикадағы үлесі – 1,7%. Ал ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі былтыр 629 млрд теңгеден асты,  бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға көп. Республикадағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы үлесі бойынша облыс 3-орынды иеленді.
Бөлісу: