
Каспий жағалауы қан қызыл түске боялды – қауіп қандай? (видео)

Каспий жағалауы қан қызыл түске боялды – қауіп қандай? (видео)
Әлеуметтік желілерде Ақтаудағы қарт Каспийдің жағалауы қан қызыл түске боялғанын таспаланған бейнежазба тарады.
«Лада» сайты су түсінің өзгеруі теңізге де, ондағы балықтарға да еш қауіп төндірмейтінін жазды.
[caption id="attachment_96040" align="alignnone" width="800"]
Сурет - Lada.kz[/caption]
Естеріңізде болса, 2017, 2018 жылдары да осы оқиға қайталанып, Каспий жағалауындағы су қызыл түске боялған еді. Ол кезде экология департаментінің өкілдері жағалауға теңіз өсімдіктерінің шығып қалғанын айтқан болатын.
https://www.youtube.com/watch?v=XCtXcLxMQIU&feature=emb_logo
