жексенбі, 20 сәуір, 2025

Қордайдағы қақтығыс: мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі?

/
Қордайдағы қақтығыс: мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі?
ашық дереккөзі
Қордайдағы қақтығыс: мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі? Қордай ауданында қақтығыс салдарынан зақымдалған нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған үкімет комиссиясы жанжалдың себебін анықтаумен, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық мәселелерді шешіп, зардап шеккендерге көмек көрсетумен айналысуда және зақым тиген нысандарды қалпына келтіру жұмысын ұйымдастыруда. Тұрғындардың айтуынша, оларға жан-жақты көмек көрсетілуде. Бүгін Сортөбе және Масаншы ауылдарында қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтті. Үкімет комиссиясының құрамына кірген Парламенті Мәжілісінің депутаты Шакир Хахазов: «Жанып кеткен нысандарға қатысты комиссия қарқынды жұмыс істеп жатыр. Смета әзірленуде», – деп сендірді. 24.kz арнасының мәліметінше, қазіргі уақытта Қордай ауданының Масаншы, Ауқатты ауылдарындағы бүлінген коммерциялық нысандарға келген шығындарды есептеу жұмыстары басталды. Бұл шарамен облыстық, аудандық құрылыс басқармасы, экономика және бюджетті жоспарлау басқармаларының қызметкерлері айналысуда. Соңғы мәліметке сенсек, 25 тұрғын үй, 31 коммерциялық нысан мен 41 автокөлік зақымдалған. Жанжалдың салдарынан үш елдімекен – Масаншы, Бұлар батыр, Ауқатты ауылдары зардап шекті. Спикер марқұм болғандардың отбасына қолдау көрсету туралы: «Бердібек Мәшбекұлы бәрін түсіндіріп берді. Біз бәрін халықпен ақылдасып, бірге талқылаймыз. Қалпына келтіру процестеріне қажет қаражат толығымен қамтамасыз етіледі», – деді. Депутаттың айтуынша, барлық мемлекеттік органдар аймақтағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс жүргізуде.
Бөлісу: