«Қаза тапқан Дархан Әбдірахым туралы не білеміз? Ол қазақ. Осы күнге дейін туған-туыстары оның қайтыс болғаны туралы куәлік алған жоқ. Дархан жеке тасымалдаумен айналысты. Оның құжаттары машинада болған. Қақтығыс болған түні ол Масанчиге ауданның басқа тұрғындары сияқты көмекке шықты. Жігіт 25 жаста еді. Ол қанға бөгіп жатқан жерінен табылған. Қан басы мен денесіндегі жарақаттарынан ағып жатқан. Көлігі зақымдалып, құжаттары жоғалды. Ол отбасында жалғыз бала болатын. Оның артында үш баласы қалды. Көлігінің несиесі қалды. Жергілікті атқарушы органнан марқұмның ата-анасына әлі ешкім келген жоқ. Журналистер де бармаған. Кешегі күннен бастап эфирлер қайтыс болған дүнген жігіттердің есімімен толып кетті. Неге Дархан туралы ештеңе айтылмайды?» – деп жазды Азамат Ерғалиев өзінің Facebook парақшасында.
Жамбыл облысындағы жанжалда қазақ жігіті де қаза тапты – ІІМ растады

Жамбыл облысындағы жанжалда қазақ жігіті де қаза тапты – ІІМ растады
Қазақстанның ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздік салдарынан қаза болғандардың арасында қазақ жігіті болғанын растады, – деп хабарлады КазТАГ агенттігі.
ІІМ агенттік тілшісіне: «Қайтыс болған азамат (Абдурахим – ҚазТАГ) қаза болған 10 адамның қатарына кіреді», – деп мәлімдеген.
Дархан Әбдірахым туралы алғаш болып блогер Азамат Ерғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол Қордай ауданында болған жаппай төбелес пен қарулы қақтығыс кезінде сол ауданның қайтыс болған тағы бір тұрғынының есімі айтылмай келгенін айтып, пост жазды.
Оның айтуынша қайтыс болған азаматтың үйіне жергілікті атқарушы орган қызмткерлері мен журналистердің ешқайсы бас сұқпаған. Марқұмның жақындары қайтыс болу туралы куәлікті де ала алмай отыр. Ресми деректерде Дархан Әбдікәрім туралы ақпарат мүлде жоқ.