Қордай қақтығысында қаза болғандардың тізімі жарияланды

/
Қордай қақтығысында қаза болғандардың тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
Қордай қақтығысында қаза болғандардың тізімі жарияланды Дүнген қауымдастығының деректері ҚР Ішкі істер министрлігі мәлім еткен ақпаратпен сәйкес болып шықты, барлығы 8 адам қаза болған. Қазақстан дүнгендері қауымдастығының Алматы бөлімшесі Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай төбелестен қаза тапқан азаматтардың аты-жөнін жариялады, – деп жазды Sputnik. Қаза болғандардың тізімі:
  • Исыров Баху, 1988 жылы туған;
  • Чонтей Абдула, 1986 жылы туған;
  • Харсанов Рам;
  • Ясыров Малик, Сортөбе ауылындағы №17 орта мектептің қазақ тілі мен информатика пәнінің мұғалімі;
  • Шисыр Рахим;
  • Хишанло Сулейман;
  • Лохаш Лугмар (Бұлар батыр ауылы);
  • Киров Исхар (Бұлар батыр ауылы).
«Қаза болғандардың зиратын әзірлеу үшін көмек сұрап жатқандар бар», – делінген Қазақстан дүнгендер қауымдастығы Алматы бөлімшесінің хабарламасында.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары