Қордайдағы қақтығыс: Үкіметтік комиссия құрамына кім кірді?

Қордайдағы қақтығыс: Үкіметтік комиссия құрамына кім кірді?

Қордайдағы қақтығыс: Үкіметтік комиссия құрамына кім кірді?
ашық дереккөзі
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Жамбыл облысы Қордай ауданында оқиғалардың салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, – деп хабарлады Primeminister.kz. Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен комиссия құрамына Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Шәкір Хахазов және «Қазақстан дүнген қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбубәкір Военце, қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрлері, Ақпарат және қоғамдық даму, Ұлттық экономика, денсаулық сақтау, білім және ғылым вице-министрлері, ішкі істер, қорғаныс министрлерінің, бас прокурордың және Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары. Комиссия алдына жанжалдың себептерін анықтау, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық сипаттағы мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылды.