Президент Қордайдағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Президент Қордайдағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Президент Қордайдағы жанжалға қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
180

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады», – деп жазды Twitter-аккаунтында.

Бұған дейін Жамбыл облысының Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес орын алғанын хабарлаған болатынбыз. Өңірлік полиция департаменті жағдайдың бақылауға алған еді. Тергеу басқармасында қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Төбелес қатысушылары анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары