Әулиекөл қалашығы қалпына келтіріледі

Әулиекөл қалашығы қалпына келтіріледі

Әулиекөл қалашығы қалпына келтіріледі
ашық дереккөзі
Алтын орданың 750 жылдығын атап өту аясында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына қарасты Margulan Centre орталығының жетекшісі археолог Тимур Смағұлов Әулиекөл қалашығында кесенелерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. «Жошы хан тұсында Ал­тын Орда дәуірінің негізгі ор­та­­лығының бірі Ертіс өңірінде бол­ды деген тұжырым бар.  Ол Әулиекөл жағасында орналас­қан және сол жерде ерекше сақ­талған қаланың қалдық­тары бар. Осыған байланысты мәдениет басқармасы арқылы 20 млн теңге қаражат бөлініп отыр. Сол қаланың негізгі бей­несін қалпына келтіруге тыры­са­мыз. Нәтижесінде сол жерде әулие Исабек Ишанның кесе­не­сімен бірге туристік орта­лық, киелі орын пайда болады де­ген ойдамыз. Бұл ар­хео­ло­гиялық қазба жұмыстар бұрын да жүргізілген, бірақ биыл ғы­лыми тұрғыдан жүйелі түр­де қаражат бөлініп, ұйым­дас­тырылады»,  – дейді облыстық Мә­дениет, тілдерді дамыту жә­не архив істері басқар­ма­сы­ның басшысы Ернұр Дәуенов. Ведомство басшысының а­йтуынша, Әулиекөл қала­шы­ғын қалпына келтіру бойынша қаз­ба жұмыстары маусым айын­­да басталып, тамыз айы­ның соңында аяқталады. Қыр­күйекте қорытындысы шы­ғары­лып, қараша-қазан айла­рында халықаралық кон­фе­рен­ция ұйымдасты­рылады. Алтын Орданың 750 жыл­дығын атап өтуге арналған об­лыс­тық жоспар бойынша қа­лалар мен аудандарда бар­лығы 100-ге жуық әртүрлі іс-ша­ра өтеді. Олардың қата­рын­да көрмелер, танымдық са­ғаттар және суреттер байқауы бар. Айта кетерлігі, орта ғасыр­лық Әулиекөл қалашығы сая­си-мәдени және әкімшілік-эко­номикалық орталық бол­ған. Ел арасында бұл өңір Ақ­көл-Жайылма деген атпен бел­гілі.