Жаңа туған үшемге президенттің әйелі мен қыздарының есімі берілді

Жаңа туған үшемге президенттің әйелі мен қыздарының есімі берілді

Жаңа туған үшемге президенттің әйелі мен қыздарының есімі берілді
ашық дереккөзі
285

Өзбекстанда Наманган облысы Чартак ауданындағы Ахмаджон Кадыров мен Одинахон Алтимешова қаңтарда дүниеге келген үшемдерін президент Шавкат Мирзияевтің әйелі Зироатхон Мирзияева мен оның екі қызы – Саида мен Шахноздың есімінен атады. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 

Үшем қыздарды дүниеге әкелген Ахмаджон Кадыров пен Одинахон Алтимешова тағы үш қыз асырап отыр. Чартак ауданы басшысының бірінші орынбасары Акмалжон Өмірзақовтың айтуынша, әкімшілік өкілдері үшем дүниеге келген отбасына барып, жаңа туған сәбилерге қажетті заттар сыйлаған. "Ахмаджон мен Одинахон алты қыздың ата-анасы атанды. Біз оларға демеушілеріміздің сыйлықтарын жеткіздік", – деді Өмірзақов. Айта кетейік, Өзбекстанда соңғы жылдары егіз бен үшем есімін президент пен оның отбасының құрметіне атау сәнге айналды. Ата-аналардың дені соның көмегімен биліктен автомобиль немесе басқа да құнды сыйлық алғысы келеді. Аудан хокимінің бірінші орынбасары Акмалжон Өмірзақов әкімшілік сыйлықтарының бұған еш қатысы жоқ дейді. "Біздің аудан басшысы өңірде дүниеге келген әрбір сәбиді назардан тыс қалдырғысы келмейді. Біз ауданда туған егіздер мен үшемдерге сыйлық жасай береміз", - деді шенеунік.

Серіктес жаңалықтары