413
Өскеменде әл-Фараби көрмесі ашылды
Өскеменде әл-Фараби көрмесі ашылды

«Биыл әл-Фарабидің 1 150, хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойларын бүкіл ел болып атап өтудеміз. Көрмеге ғұламаның өмірінен сыр шертетін туындылары қойылған. Философтың ой-тұжырымдары ұлттық болмысымыздың түп қазығы десек артық айтқандық емес. Мәдени шаралар легі әлі де жалғасын табатын болады», – дейді музей директоры Бекайым Ұябаева.
Іс-шара барысында өңірдегі оқу орындарының оқытушылары мен магистранттар әл-Фараби туралы баяндама жасап, пікір алмасты. Көрмеге жиналғандар С.Маханбетов- тің «Әбу Насыр әл-Фараби» туындысы бойынша челлендж өткізді.
«Әл-Фараби адам баласының дүниетанымы жайлы терең зерттеген ғұлама. Оның мол мұрасы ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Осындай шаралар жастарға өте қажет. Ұлы тұлғаларымызды ұмытпай, қастерлеу жас ұрпақтың міндеті деп есептеймін», – дейді жас журналист Таунар Қайрат.