241
Станбұлда қазақ тілін үйрететін курс ашылды
Станбұлда қазақ тілін үйрететін курс ашылды
Қазақ Түріктерінің білім алу және зерттеу қауымдастығы (KATEAD) мен «Отандастар» қоры арасында жасасқан келісімге сәйкес станбұлда қазақ тілі курсы ашылды.
Курс Станбұлдағы қазақтар ең көп қоныстанған Зейтинбурн және Бағджылар аудандарына орналасқан ғимараттарда өткізілмек. Сондай-ақ курс өткізуге қажетті құрал-жабдықтар Қазақстаннан арнайы жөнелтілген. Microsoft Teams бағдарламасы арқылы тікелей эфирде жүргізілетін сабақтар оқу, тыңдау және сөйлеу дағдыларын жетілдіруге арналған. Сонымен қатар бұл курсқа қатысқан мектеп жасындағы оқушылар Қазақстанда ұйымдастырылатын жазғы лагерьлерге жіберіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл игі бастама Түркияда тұратын қазақтардың атажұртпен байланысын нығайтуға мүмкіндік жасай-
ды.