33 жастағы келіншек 11-ші баласын өмірге әкелді

33 жастағы келіншек 11-ші баласын өмірге әкелді

33 жастағы келіншек 11-ші баласын өмірге әкелді
ашық дереккөзі
351

Мәскеу маңында тұратын 33 жастағы келіншек 11-ші сәбиін дүниеге әкелді. 

Рамблердің хабарлауынша, Ресей астанасы маңындағы Малая Дубина ауылында 33 жастағы әйел 11-сәбиін аман-есен босанған. 

Мәскеу облысы Денсаулық басқармасының хабарлауынша, нәрестенің салмағы үш келі, бойы 51 сантиметр. Босану процесі еш қиындықсыз өткен.

Келіншектің бұдан бөлек 5 ұл және 5 қызы бар. Баласының ең үлкені 13 жаста.

Серіктес жаңалықтары