жексенбі, 20 сәуір, 2025

Коронавирус: 400-ден астам адам елге қайтуға өтініш берген

/
Коронавирус: 400-ден астам адам елге қайтуға өтініш берген
ашық дереккөзі
Коронавирус: 400-ден астам адам елге қайтуға өтініш берген Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ел аумағында коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын өткізді, – деп хабарлады Primeminister.kz Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайы тіркелмеген. ҚХР-мен мемлекеттік шекара арқылы барлық өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жұмыстары жалғасуда, биыл 6 қаңтардан бастап 21,8 мың адам қаралды. «Осы жылдың 5 ақпанындағы жағдай бойынша 104 адам жоғары температурамен ауруханаға жатқызылып, олардың 71-і ауруханадан шықты. Стационарда 33 адам қалып отыр, барлығына коронавирусқа қатысты зерттеу жүргізілді – нәтижесі теріс», – деді Е.Біртанов. Сондай-ақ таяуда Ухань қаласынан эвакуацияланған 83 отандасымыз карантинге жатқызылған еді. Зертханалық тексерулер елге оралғандардың бойында коронавирустық инфекцияның жоқ екенін анықтады. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев қазіргі таңда ҚХР аумағында еліміздің 780 азаматы, оның ішінде 559 студенті жүргенін хабарлады. Қазақстанға жеткізу туралы 427 адам өтініш берген, қалғандары ҚХР-да қалуға ниет білдірген. Сыртқы саяси ведомство дипломатиялық арналар арқылы азаматтарымызды елге әкетуді ұйымдастыру мүмкіндігін пысықтап жатыр. Комиссия отырысында Ішкі істер вице-министрі А.Калайчиди, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ж.Бекшин, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары бүгінге дейін атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Кеңесті қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша бірқатар нақты міндеттерді белгілеп, барлық қызметтердің жұмысты күшейтілген режимде жалғастыруы қажет екенін атап өтті.
Бөлісу: