Лотерея сатудан түскен қаржының бір бөлігі спорт саласына жұмсалады

Лотерея сатудан түскен қаржының бір бөлігі спорт саласына жұмсалады

Лотерея сатудан түскен қаржының бір бөлігі спорт саласына жұмсалады
ашық дереккөзі
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ұлттық лотереяны сатудан түскен қаржының белгілі бір бөлігі спорт саласына жұмсалатынын айтты. – Заңнамаға сәйкес, тоқсан сайын спортты дамытуға тиісті сома төленеді. Заң бойынша бұл деңгей 10 пайызды құрайды. «Сәтті жұлдыз» конкурс нәтижесіндегі өз табысының 15 пайызын төлеу міндетін алды. Бүгінде 376 млн теңге төленген, тағы да 421,7 млн теңге бөлінеді. Қазіргі таңда бұл қаржы Ұлттық Олимпиада комитетіне бағытталуда. Яғни әкімшілік шығындар мен жарғылықты қызметтерді орындауға, олимпиадалық спортты қолдауға арналған, – деді А. Райымқұлова.