сенбі, 19 сәуір, 2025

Банктер бизнеске емес, халыққа несие беруді құп көреді

/
Банктер бизнеске емес, халыққа несие беруді құп көреді
ашық дереккөзі
Банктер бизнеске емес, халыққа несие беруді құп көреді Қазақстанда соңғы жылдары тұтынушылық несие көлемі артқан. Дүниежүзілік банк сарапшылары еліміздің экономикасын дамыту үшін бизнесті жетілдіру керегін айтып отыр, ­­– деп жазады inbusiness.kz. «Импортты шектеу ішкі өндірістің сапасын түсіреді. Қазақстан банктері бизнеске несие бергеннен гөрі, қарапайым халыққа қарыз таратқанды оңай көреді. Бұл экономикалық өсімді тежеп, инфляция қатерін арттырады», ­ – дейді сарапшылар. Стратегиялық бастамалар орталығы мен Дүниежүзілік банк бірлесіп өткізген пікірталас алаңында ел экономикасына қатысты өзге де құнды ойлар айтылды. Қазақстан экономикасының өсімін 4% деп бағалаған Дүниежүзілік банк елде тұтыну несиелерінің артқанына алаңдап отыр. Несие көлемі артқанмен, кепілсіз тұрмыстық қарыздың үлесі басым болып отыр. Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто елде онсыз да төленбей жатқан несиелердің көп екенін, тұтыну қарыздарының көбеюі қаржылық секторға ауыр тиюі мүмкін екенін ескертті. «Қазір әлем экономикасында жоғары сұранысқа ие өнімдерді нақты бір ел ғана өндіреді деп айтуға келмейді. Технологиясы дамыған Корея, Қытай, Жапония, Германия сияқты елдер ең өтімді тауарлардың саудасынан үлес алу үшін жанталасады. Осы шеңберге Қазақстан да кіруге талпынуы керек», – дейді Жан-Франсуа Марто.
Бөлісу: