Жайық өзенінен екі адамның мәйіті табылды

Жайық өзенінен екі адамның мәйіті табылды
4 қаңтар күні Атырау қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне Жайық өзеніндегі мұз астынан адамның денесі көрініп жатқаны туралы хабарлама түскен.
ҚазАқпараттың жазуынша, оқиға орнына сүңгуірлер жетіп, судан әйел адамның денесін алып шыққан. Өзен жағасында бос көлік тұрған. Құтқарушылар «жүргізуші де суға кетті ме» деп күдіктеніп, сол маңайды қарау барысында өзеннен ер адамның мәйітін тапқан.
Жергілікті полиция департаменті толық ақпаратты сот-медициналық тексеріс жүргізгеннен кейін мәлімдейтінін айтты.