Хубей провинциясының 400-ге жуық тұрғыны коронавирустан емделді

Хубей провинциясының 400-ге жуық тұрғыны коронавирустан емделді
Қытайдың Хубей провинциясында жаңа коронавирустан қаза тапқандардың саны – 414-ке, жұқтырғандардың саны 13 522-ге жетті.
«РИА Новости» сайты жергілікті биліктің мәліметіне сілтеме жасай отырып, 3 ақпанда 64 адамның қайтыс болғанын және ауру жұқтырудың 2 345 жағдайы тіркелгенін жазды.
Хабарламаға сенсек, жұқтырудың 1 242 дерегі дерттің ошағы Ухань қаласында тіркелген.
4 ақпандағы сағат 00.00 бойынша (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.00, 3 ақпан) Хубей провинциясының 396 тұрғыны коронавирустан емделген.