260
Таиланд дәрігерлері коронавирус жұқтырған 8 адамды дертінен айықтырды
Таиланд дәрігерлері коронавирус жұқтырған 8 адамды дертінен айықтырды
Таиланд ауруханасында жатқан коронавирус жұқтырған 19 адамның сегізі сауығып, үйлеріне қайтты. Қалғандары емделуді жалғастыруда. Бұл туралы ria.ru Таиланд премьер-министрінің қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап хабарлады.
Жексенбі күні Таиландта коронавирусты вирустық тұмау мен АИТВ-ға қарсы препараттармен емдеудің нәтижелері ресми түрде жарияланды.
«Бангкоктегі Ратчавитха мемлекеттік ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің дәрігерлері ол дәрілермен коронавирус жұқтырған науқасты емдеген. Нәтижесінде ағзадан коронавирус инфекциясы табылмаған», - делінген хабарламада.