Қазақ балуаны екі дүркін чемпион атанды

25-27 қаңтарда Моңғолия біріншілігінен өткен дзюдо және самбо күрес түр­лерінен қандасымыз Серік Берді­мұрат­ұлы 100 келі салмақта қатарынан екі жыл ел чемпионы атанды.

Серік Бердімұрат­ұлы бұған дейін де талай биіктерді бағын­дырған. Атап айтқанда, самбо күре­сінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының екі дүркін (2010, 2011) қола жүлдегері, жасөспірімдер арасында сумо күресінен Жапония ашық чемпио­на­тының (2011) қола жүлдегері. Моңғол­дың ұлттық күресінен жастар арасында ел чемпионы (2012) және өте мәртебелі «Мемлекеттік лашын» (2017) атағының иегері. Дзюдодан жасөспірімдер арасында Моңғолия чемпионы (2009) және ересектер арасында (2014) күміс медаль иегері. Қазақша күрестен «Еуразия Барысының» (2013) күміс жүлдегері және Азия чемпионы (Астана, 2018). Қырғыз елінің Шолпан-Ата қаласында дүркіреп өткен үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойынының барысы (2019).

Серік Бердімұратұлы – әлемдегі күрес таңдамайтын ең әмбебап балуандардың бірі. Оған жоғарыда аталған жетістіктері куә.

Сонымен қатар ел ішінде «Түркі дүниесінің түйе балуаны» деген атағы да асқақ.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button