БІЗДІҢ ШӘКЕҢ

Газеттің Бас редакторы Қалтай Мұхамеджан редакция ұжымын тосыннан кабинетіне шақырып, біз күтпеген шешімін айтты.

– Мен ары ойлап, бері ойлап бір тоқтамға келдім. Мына нарықтың таршылық заманында газет шығару оңай емес екен. Сендер Үкіметтің қаржы тапшылығынан бес айдан бері айлықтарыңды алған жоқсыңдар. Министрлікте ашпаған есігім, кірмеген тесігім қалмады. Қолында билігі бар жастарға мен сияқты шау тартқандардың қайта-қайта барып, жалынып жалпайғаны жараса бермейді екен. Енді міне, амалдың жоқтығынан газетті жапқалы отырмын. Бәріне көніп, бәріне төздіңдер. Қайтейін, қиюы келмесе істе берекет болмайды екен. –  Ол сөзін көңілсіз үнмен осылай түйіндеді.

 

Кабинеттің іші құлаққа ұрған танадай тып-тыныш. Қалағаңның бә­рінен түңілгендей мына сөзі мен ауыр үнсіздік еңсемізді басып тұр. Қаржының түсімі болмай төрт бет «Түркістанның» соңғы бі­раз сандары жарыққа шықпай қал­ған. Бар сенгеніміз Қалтай осы­лай деп кесімді сөзін айтып отырса, бізге не дауа? Жағдайға мойын- сұнып, амал-шарасыздан келіс­кен­дей болып пұшайман күй ке­шіп отырдық. Сол мүлгіген ты­ныш­тықты редактордың орын­басары Шәмшидин Пат­теев­тің жігерлі дауысы бұзды.

– Қалаға, бірнеше жылдан бері жұртқа танылып қалған «Түр­кістан­ды» жаппаңыз. Жыл бойына жа­зылған азды-көпті оқырман­дары­мыз бар. Мына өтпелі кезең кімге оңай болып тұр дейсіз. Шы­дам, төзіміміздің жеткенінше қиын­дықпен алысып көрейік. Өт­пелі кезең де өтер, кетер.

– Шәмші, шырағым, осы қа­зақ­тың тілі мен газеті үшін күні бү­гінге дейін күресіп келдім. Газет, га­зет деп жүріп, ойда жүрген қан­шама дүнием жазылмай қалды. Қарт­тық та жеңе бастады. Егер бар істі өзің қолға аламын десең, сөз бас­қа. Жассың ғой, бәлкім істің кө­зін табарсың.

– Сенім артсаңыз қолға алып кө­рейін, аға.

Қалағаң ұзын стол шетінде жа­ғалай отырған бізге шола қарап:

– Естідіңдер ме, бүгіннен бас­тап сендерге Бас редактор Шәм­ши­дин болады. Бұған қалай қа­рай­­сыңдар? – деді.

Біз келістік.

Ол кезде республиканың Бас­пасөз және мәдениет министрі Ал­тынбек Сәрсенбаев еді. Ми­нистр­ліктер түгел Астанаға қоныс ау­дарған. Басқарушы компания Шәмшидин Паттеевті Бас редактор етіп бекітті. Екі-үш айдан соң жағдай жақсылыққа қарай өзгере берді. Мұнай өнімділігі артып, республиканың экономикалық әлеуеті көтерілді. Шәмшидиннің Астанаға іссапары жиілеп, көп кешікпей айлық еңбекақымызды да ала бастадық. Авторларға да қаламақы төлейтін жағдайға жеттік. Шәмшидин бұрын редакциядан кетіп қалғандардың орнына баспасөздерде тың ойларымен көрініп жүрген, компьютерден интернет жүйесін жақсы меңгер­ген Нәзия Жоямергенқызы, Есен­гүл Кәпқызы, Гүлбиғаш Омарова, Динара Мыңжасарқызы, Кәмшат Тасболатова және Мұхтар Сеңгір­баев секілді жастарды бірінен соң бірін тілшілік қызметке тартты. Сол жастармен бірге газетке жаңа серпін келді.

Жыл соңындағы кезекті бір лез­демеде Шәмшидин Паттеев:

– Баспасөзге жазылу мәліме­ті­не қарасақ, келесі жылғы оқыр­ман­дар саны жиырма мыңға же­тіп қалыпты. Алдағы жылы газетті сегіз бет етіп шығарамыз. Соған байланысты жаңа айдарлар ойлай жүріңдер, – деді.

Тілшілердің арасында күмәнді сөз жүрді. «Бас редактордың бұл шыны ма, әлде әзілі ме? Сегіз бетті қалай шығармақшы? Оқырмандар саны көбейгенімен, газет шығыны да шаш етектен емес пе? Оған қаражатты қайдан табады?».

«Көз қорқақ, қол батыр». Шәм­ши­дин оның да жолы мен жөнін тап­ты. Лездемелерде қоғамдағы жағ­дайларға байланысты тың идея­лар беріп, тілшілерге талапты кү­шейтті. Олар қоғам мен нарық­тық қатынасты жақсы білетін саясаткерлер мен экономистерді, көне дәуірді зерттеп жүрген белгілі тарихшыларды газетке тартып, құнды мақалаларын жариялады. Жазғандарын редакцияға әкеп жатқан әр саланың мамандары қаншама. Соларды талғап, таң­дап жариялаумен болдық. Газет беттерінен тың ойларымен таныла бастаған саясаткерлер Досым Сәтбаев, Ораз Жандосов, Бо­лат Әбілов, Расул Жұмалы, та­рих­шы-ғалымдар Талас Омарбеков, Мәмбет Қойгелдиев, Қазақ­стан Парламентінде батыл ойларымен көзге түсіп жүрген Шерхан Мұртаза, Серікболсын Әбділдин, Әбіш Кекілбаев, белгілі ақын-жа­зушылар Бексұлтан Нұржекеұлы, Смағұл Елубаев, Темірхан Ме­дет­бе­ков, Мұхтар Мағауин секілді та­ғы басқа да ұлт тарландарының сұх­баттары мен жазғандары га­зет­тің мазмұнын мүлдем өзгертіп жі­берді. Айлығымыз да көбейіп, қа­ламақымыз да қомақты болды. Мақалаларды өндіріп, өткір жазатын Есенгүл Кәпқызы мен Гүлзина Бектасова секілді қаламы ұшқыр журналистер жинаған қаражат­тарына және бәйгелік конкурстарда жеңіп алған қомақты ақшалай сыйлықтарына жеңіл көліктер сатып алды. Ал Жаңабек Шағатай көтеріп отырған мәселенің мәнін ашса, суретші Еркін Нұразхан басылымды безендіріп қана қоймай, жүре-бара қарымды журналистер қатарына қосылды.

Газетте жарияланған сын ма­қалаларға құзырлы мемлекеттік мекемелер ресми түрде жауап беретін. Бұл «Түркістанның» беделін көтерді. Шет елдерге іссапарға шыққан Үкімет құрамымен бірге бар­ған баспасөз өкілдерінің ара­сын­да біздің тілшілер де жүрді. Кейіндеу тілші Нәзия Жоямер­ген­қызы Америкада журналистердің айға созылған іс-тәжірибе алмасу жиынына қатысып, сол елдің тыныс-тіршілігі жайында газетке ма­териалдар жазып тұрды. Шәм­шидин ара-тұра қаржылы мекемелерден қаражат тауып, басқа тілшілерді де алыс-жақын елдерге жіберді. Ал сол қаржыландырған ме­кемелер айтулы газеттердің бе­делді басшыларына болмаса, кез келген басылымдарға ақшасын бей-берекет шаша бермейтіні бесенеден белгілі.

Шәмшидин араға тағы да санау­лы жылды салып сегіз бет ап­талық «Түркістанның» көлемін он екі бетке жеткізді. Қазір айтуға оңай. Ал газет көлемін ұлғайтып, тіл­шілер штатын көбейту үшін Шәм­шидинге Астанадағы құрыл­тайшы компанияның келісімін алу өте қиынға түскенін біз жақсы біле­міз. Бұл жерде де оның іскерлігі мен мәмілегерлігі үлкен рөл ойнады. Қоғамда орын алған түйінді мәселелерге қарай газеттен жаңа айдарлар көрініс тапты. Бас редактор газет беттерінің көбеюіне байланысты газет ішінен қосымшалар ашу жөнінде қызметкерлерге ой тастады. Ұжым боп кеңесе келе, айына қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамти­тын «Ырыс», «Тайқазан», «Жаһан», «Қоныс» атты төрт беттік ұлттық қосымшалар оқырман­дарға жол тартты. Бертін келе «Түркістан­ның» төрінде», «Алдаспан ашық пікір­сайыс алаңы» айдарларымен әр саланың мамандары келелі кеңес­ке шақырылып, ой-пікірлері жа­рияланып отырды. «Таным» ай­да­рымен берілген тарихи тұлға­лар тағдыры да көпшіліктің кө­кейі­нен шыққанын айта кеткен лә­зім.

Ерекше тоқталатын бір жай, та­рихшы ғалымдар Мәмбет Қой­гелдиев пен Тұрсын Жұртпайдың Алаш арыстары жайында жазған ғылыми мақалалары баршаның көкейінен шықты. Ауыл шаруа­шы­лығы мен өндіріс орындарын­да­ғы өзекті мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Сол салалардың ма­мандарымен тілшілердің жүр­гіз­ген сұхбаттары да көп жайдың бетін ашты. Жазушы-партизан Қасым Қайсеновтей Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің естеліктері де арагідік болса да жа­рияланып тұрды. Төл мерекеміз қарсаңында тілшілердің өткір де өтімді мақалалары Қазақстан Журналистер одағы мен Баспасөз министрлігінің марапаттауларынан кенде қалған жоқ. Журналис­тер де елге танылып, беделдері кө­терілді. Дәлел керек пе? Айтайын. Журналист Нәзия Жоя­мер­генқызының інісі Өркен де те­леар­наның тілшісі ретінде Маң­ғыс­тау мұнайшыларының нара­зылық митингілерінен репортаж жүр­гізіп жүріп, ішкі істер бөлі­мі­нің қызметкерлерінің қолына түсіп қалған. Ол амалын тауып қал­та телефоны арқылы Нәзияға ха­барласып, жағдайын түсіндіреді. Нәзия сол бойда Астанадағы құ­зыр­лы органдармен байланысқа шығып, інісін босатуын өтінеді. Арада үш-төрт сағат өткен соң Ақтау қалалық ішкі істер бөлімі­нің қызметкері інісі мен операторды ұшаққа шығарып салғанын хабарлады. Егер тілші елге танымал айтулы журналист болмаса, өтінішін кім тыңдар еді?

Өз басым қаншама жылдар қы­з­меттес болып жүріп, Шәм­ші­нің тілшілерге ренжіп дауыс көте­ре сөйлегенін естімеппін. Қандай жағдайда да сабырлы қалыбынан айныған емес. Қайта өз көңілінен шыққан материалдардың авторларын мақтан тұтып, көтермелеп отырды. Өзі де Қазақстан мен Ре­сейден шыққан орыстілді басылымдарды үзбей оқып, олардың ұлтқа қатысты қиғаш пікірлеріне тойтарыс беру үшін тілшілерге ұтым­ды бағыт-бағдар беретін. Кей­­де кейбір күмән тудыратын ма­­те­риалдарды газет беттеліп жат­­­қан­да алдырып, келесі нөмірге дейін дәлелдеме-фактілерін ав­торға қайта пысықтатады. Онысы орынды болып та шығатын. От ауызды, орақ тілді журналист-жазушы Мырзан Кенжебай да біздің газетке арагідік атсалысып тұрды. Кезекті лездемеде Шәмшидин орынбасары Дидахмет Әшімханға: «Дидаға, кешегі сандағы Мырзан­ның мақаласында артық-ауыс сөз­дер кетіп қалыпты. Бұдан кейін оның мақалаларын өзіңіз ре­дак­циялап жіберіңіз», – деді. Мыр­занның қай материалы да ащы сынға жазылатын. Оның газетке ұсынған тағы бір материалын Дидахмет редакциялап, өзін кабинетіне шақырып: «Мырзан, сен ащы айтыпсың, мен аздап мұр­тын бастым. Жалпы, екеуміз­ден жаман журналист шықпайды екен. Енді мақалаңды өзің үстінен тағы бір рет қарап бер», – деп қо­лына ұстатты. Мырзан оқып шы­ғып, түзетулеріне келісімін берді. Бір жолы ардагер жазушы-журналист Зәкір Асабаев: «Шәмшидин бастығың ақылды жігіт. Кісілерді қалай қабылдауды, кіммен қалай сөйлесуді біледі. Газетті көгертетін жігіттер осындай ілтипатты болса керек. Бүгін газетте мақалам жа­рық көрмесе де, сөзіне көңілім то­лып шықтым», – деді. Жалпы, оның қабылдауында болған жан­дардың бәрінің айтатыны осы.

Кезекті лездемеде ол кеше Қа­зақ ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Жұмағұлов қала­ның баспасөз өкілдері мен игі жақ­сыларын жинап, оқу орнының өт­кені мен бүгінгі тіршілігі жайын­да айтқанын, өзінің бас­шы­лығымен атқарылған жұмыс­тарға көбірек тоқталғанын, сол университет құрылысының негізін қалаған академик Өмірбек Жол­дасбековтің толайым ісін аузы­на да алмағанын, оның бұл жөн­сіздігі залда отырғандарға кері әсер еткенін жеткізді. Мен академиктің ісі мен тағдыры жайында бұрын­нан зерттеп жүр едім. «Шәке, ол айтпаса, газеттен біз айтайық», – деп едім, ол: «Көлеміне шек қой­май­мын. Жазыңыз», – деп бірден келісімін берді. Жолдасбековтің ректор кезінде Тарас деген құры­лыс директоры болған. Сол кісіні жақсы танушы едім. Екеуміз Жолдасбеков жайында, университеттің құрылысы туралы біраз әңгіменің басын құрадық. Газеттің келесі санына менің «Бұл Жолдасбеков салдырған университет» деген бір беттік мақалам жарық көрді. Ертеңіне университет басшылары­ның бірі редакцияға келіп, «Университетті насихаттағандарыңыз үшін» деп Мақтау грамотасын бе­ріп кетті.

1986 жылғы Желтоқсан кө­тері­лісі баспасөзде аз жазылған жоқ. Екі күнге созылған көтеріліс қанша жазылса да терең қатпарлы сырлары уақыт өткен сайын ашылып жатыр. Мен де өз үлесімді қостым. Шәкең: «Көлаға, осы мә­се­лені індетіп жазсаңыз қайтеді?», – деп маған ой салды. Сол көте­рі­лісте тек студенттер мен жұмыс­шы жастар ғана емес, қазақтың бет­ке ұстар зиялы қауымы да жа­па шекті. Неге жастармен бірге со­лардың тағдырын қосып жаз­бас­қа? Үлкен істі Шымкент об­ко­мы­ның бірінші хатшысы Асанбай Асқаровтан бастағанды жөн көр­дім. Мұрағат материалдарын ақ­тар­май анау айтты, мынау айтты деп жаза салу салмағын жеңілдетіп жіберетіні анық. Солай мұрағат­та­ғы тергеу материалдарымен та­нысуға тура келді. Мақала жазылып біткен соң тақырып қою да көп ойландырды. Мәскеулік тергеуші генерал Калиниченконың: «Узбекское делоны» жүзеге асыр­сақ та, «Казахское делоны» жасауда мақсатымызға жете алмадық. Оның осы сөзі көкейіме қона кет­ті. Солай қуғын-сүргінге ұшы­ра­ған 37 адамның тағдыр-талайы «Авторлық бағдарлама» айдарымен «Казахское дело» тақыры­бы­мен жылдарға созылып жазылды. 2006 жылы сол сериялық топтамаларымды Шәмшидин үшінші рет Президент сыйлығына ұсын­ды. Сәті түсіп, еңбегім бағаланды. Есіме тағы түсіп отыр. Сол тақы­рып­­пен Сағат Әшімбаев жөніндегі ма­териалым дайын болған кезде Бас редакторға: «Шәке, он екі бет га­зеттің екі бетін менің «Казахс­кое делома» берсеңіз», – деп өтін­ге­нім сол еді Нәзия әзілге бұрып: «Көлаға, қазір жекешелендіру науқаны қызып тұр ғой. Газеттің сол екі бетін сіз жекешелендіріп ал­саңызшы», – деді жымиып. Үл­кен үстелді жағалай отырған әріп­тестерім ду күлді. Иә, бұл та­қырыпта жазғандарымның кейбірі газеттің екі бетінен де асып ке­тетін. Материалдың маңыз­ды­лығына көңіл бөлген Шәкең беттен таршылық жасамағанына қа­лай риза болмайсың?

Осындайда өткен жайлар ойға ора­ла береді. Мамыр айының бас ке­зі еді. Хатшы қыз келіп, редак­тор­дың шақырып жатқанын айтты. Кабинетіне барсам Шәкең жал­ғыз өзі отыр екен.

– Көлаға, жаңа ғана осындағы Иран мәдени орталығынан профессор Замани деген кісі хабарлас­ты. Тегераннан бүгін ұшақпен кел­се керек. Қалтай ағаның өмір­ден озғанын естіпті. Шаңырағына барып рухына дұға бағыштап келетінін айтып, жол көрсететін қызметкеріңіздің бірін жіберсеңіз деп өтініш жасады. Осындағы жас­тардың бірін жібере салайын де­сем, олар Қалтайды сіздей жақ­сы білмейді ғой. Ал өзім қала әкім­шілігінде болатын жиналысқа қа­тысуым керек. Сол кісіні сіздің алып барғаныңызды жөн көріп отыр­мын, – деді.

Замани алпыстың үстіндегі бурыл шашты кісі екен. Орта­лық­тан Қалтай ағаның әйелі Фарида апайға телефон шалып, мән-жайды баяндадым. Апай: «Қара­ғым, қонақты күтіп алуға дайын­дал­ғанымша екі сағат айналдыра тұршы», – деді. Профессорды әңгі­меге тартып, Қалтайды қашан­нан бері танитынын сұрадым. Ол:

– Осыдан бір сағат бұрын ғана біз мінген ұшақ әуежайға қонған еді. Зиялы адамдардың бірінен Қалтай туралы сұрадым. Оның өмірден өткеніне үш-төрт күндей бол­ғанын естігенімде, төбемнен біреу мұздай су құйып жібергендей болды. Суық хабар көзіме ерік­сіз жас толтырып, буыным бо­сап бос орындыққа отыра кеттім. Ол қазақтың ғана Қалтайы емес исі мұсылманға ортақ тұлға еді. Мен бұдан бұрын Алматыға екі рет ат басын тіреген едім. Аз да бол­са бой көтерген мешіттерді көріп, іштей қуандым. Әкімшілік­тегі­лердің бірінен жөн сұрасып, сөйлесетін кісі бар ма деп едім, олар маған «Түркістан» газетінің ре­дакторы Қалтайды сілтеді. Біз кабинетінде асықпай отырып аудармашы арқылы пікір алыстық. Мені ол жан-жақты білімділігімен тәнті етті. Әсіресе, діндер жөнінде­гі пікірі, талдап сөйлегені маған қат­ты ұнады. Әдемі әзіл-қал­жың­нан да құр алақан еместігін бай­қадым. Кісіні өзіне тартып тұра­тын қасиеті де бар екен. Тегеранға барған соң университеттің ірі дін ғұламаларына Қалтай туралы айт­қанымда олар оны алдағы жылы бо­латын араб елдері діндарлары­ның конференциясына шақыра­тын болып шешім қабылдады. Алматыға екінші рет келгенімде де бірден сол кісіге қарай тарттым. Арнайы шақыру қағазын тапсырып едім, баруға келісімін берді. Сол жолы да біз ұзақ сөйлестік. Қал­тай Тегерандағы сол конфе­рен­цияға келіп, мінберден сөз сөйледі. Ғұламалар алдында сөз сөйлеу де оңай емес. Қалтайдың сөзі талғамдарынан шықты. Тіпті кешегі атейстік қоғамнан шыққан жанның әлемдік діндер жөніндегі ой-толғамдарына қайран қалды. Сөзінің кейбір тұстарында орынды әзіл-қалжыңдарымен залдағы­ларды күлкіге көмді. Қалтайдың сол сөздері таспаға жазылған. Уни­верситеттің қорында сақтаулы тұр. Сіздердің Үкімет тарапынан сұрау болса, көшірмесін береді. – Про­фессор аз ғана үнсіз отырды да, үзілген сөзін қайта жалғады. – Мен өмірден қазақтың Қалтайы ғана өтті дей алмаймын. Дін Ислам­ның көктегі бір жарық жұл­дызы сөнді деп білемін, – деп те­рең күрсінді.

Біз екі сағаттан соң еңселі үй­дің төртінші қабатындағы Қа­ла­ғаңның шаңырағында болдық. Басына ақ жаулық байлаған Фарида апай қарсы алды. Кең дастарқан басына жайғасқан соң Замани Қал­тайдың рухына бағыштап дұға оқы­ды. Содан соң апайға көңіл айт­ты. Дастарқандағы мол ас мә­зірінен дәм татып, Қалтай ағаның жұмыс бөлмесіндегі тұтас үш қабырғаны алып жатқан кітаптар жиынтығын көріп: «Бұрын өзім де оның білім-біліктілігіне қарап, дүние-мүлік емес, рухани байлық жинаған кісі болар деп топшылайтынмын», – деді. Қоштасар сәтте маған: «Өзін көрмесем де ре­дакторыңыздың көрегендігін бағана сөзінен байқадым. Уақыт бәрімізге қымбат. Сізді маған жіберіп, менің Фаридамен кез­десуі­ме қолайлы жағдай туғызға­ны­на алғысым шексіз», – деп ри­за­шылығын білдірді.

Алматының зиялы қауым өкіл­дерінің біразы «Қазір «Түр­кістан» республикадағы айтулы бес газеттің қатарында. Жұрттың оқылатын басылымына айналды. Бұл – үлкен жетістік. Оның үстіне газеттің жарық көргеніне биыл жиырма жыл толды. Респуб­ли­ка­лық деңгейде атап өтулеріңе бола­ды ғой» деп ұсыныс жасады. Ондай ой бізде де болған. Бірақ рес­публика көлемінде емес, қала көлемінде өткізу еді. Зиялылардың ұсынысы түрткі болып, ай бұрын тойға дайындықты бастап та жібердік. Қабырғамызбен кеңесе келе, салтанатты жиналысты Ғабит Мүсірепов атындағы жастар теат­рында өткізуді жөн көрдік. Шә­кеңнің тапсырмасымен сол жылдар бедерінде болған газет ұжы­мындағы қызықты оқиғалар­ды «Түркістанның» эпопеясынан…» деген тақырыппен көлемі бір беттік мақала жаздым. Той 2014 жылы мамыр айының басын­да өтті. Залдағы орындықтар келушілерге жетпей қос қапталында түрегеп тұрғандар қаншама. Біз мұншалық оқырмандар мен зиялы қауым жиналады деп ойлаған жоқ едік. Сахнада әдебиеттің алы­бы Әбдіжәміл Нұрпейісов сөз бас­тап, газеттің оқырмандар тал­ға­­мынан шыққанын тілге тиек етті. «Егемен Қазақстан» газетінің президенті Сауытбек Әбдірах­ма­нов құттықтап, бірқатар облыс­тың әкімшіліктерінен келген өкілдер мен республикалық, об­лыстық газеттердің қызметкер­лері жылы лебіздерін білдірді. Газет жариялаған конкурстың он­шақты жеңімпаздарына ақша­лай сыйлықтар тапсырылып, соңы­нан жұрт Қазақстан өнер ше­бер­лерінің концертін тамашалады.

Сол жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев жылдағы дәстүрімен республикаға танымал бес газет редакторын қабылдады. Сөз кезегінде Шәмшидин Паттеев: «Нұреке, қазір әдебиетке берілетін Мемле­кеттік сыйлық лайықтылар­ға емес, кезегі келген қарттарға бұйыратын болып кетті. Осы жа­ғы­на көңіл бөлсеңіз», – деді. Президент сол бойда тиісті қызмет­кер­леріне осы мәселемен айналысуды тапсырды.

Қазір ойлаймын. Шәмшидин га­зетке Бас редактор болмағанда ана бір жылы газеттің қаржы тап­шылығынан жабылып қалуы да мүмкін еді-ау. Жастық жігерімен бар қиындыққа төтеп беріп қана қоймай, газетті елге танымал таң­даулы басылымдар қатарына дейін көтерді. Бұл оның ұлттық ті­ліміз үшін, ұлттық құндылық­та­ры­мыз үшін, ұлттық мүддеміз үшін, ұлттық тарихымыз үшін ұжым­ды жұмылдыруда қажымай-тал­май жүргізген күрес жолы бол­ды. Бүгінде алпыстың асқары­на шыққан ҚР Президенті сыйлы­ғы­ның иегері Шәмшидин Паттеев­тің халықаралық «Түркістан» газетіне сіңірген осынау еңбегін қа­лай айтпай тұра аласың?!

 

Көлбай АДЫРБЕКҰЛЫ,

ҚР Президенті сыйлығының иегері

Редакция таңдауы

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...
makataev

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы...
bf4f4f04fd3ccff0ff70d75e3dcecbc1

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне...
05 1

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың...

Жаңалықтар

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...

«Құлағым үсіп қалды». Желіде үскірік аязда жолда қалған қарағандылықтың бейнежазбасы қызу талқылануда (видео)

Әлеуметтік желілерде үсік шалып, аяз салдарынан зардап шеккен қарағандылықтың видеосы кеңінен талқылануда. Instagram желісіндегі shock_krg парақшасына жүктелген видеода ол Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылына...

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде

Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты. Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап...

Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес журналистердің оның Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізуді қай уақытқа жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап беруден мезі...

Исламжан Насыров ҚПЛ-дан неге «қашып кеткенін» түсіндірді

Екатеринбургтік "Оралдан" ҚПЛ-ға ауысқан Исламжан Насыров "Тұраннан" (бұрынғы "Арыс") кетіп қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында хабарлады. Бәрі жақсы сияқты болған, Насыров матчтардың...

Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ

Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар...

Тұрғын үй бағдарламасымен жастарға берілетін баспана құны қанша?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы арқылы берілетін баспана бағасы қанша теңгеге айналатынын айтты. «Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыда...

Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін жарияланды. Құрметті жиынға қатысушылар! Ұлттық кеңестің қызметі әуел бастан қоғамның ерекше назарында. Оның жұмысына...

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ сайлауаралық кезеңдегі партияның жұмыс жоспары талқыланды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы...

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне...

Павлодар облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. «2021...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі қилы жағдайды бастан кешті. Әйткенмен қандастардың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп дүниенің төрт бұрышынан ағылған көштің...

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қол­дау...

Аскер ПИРИЕВ: Бірліктің арқасында талай жеңіске жетеміз

– Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының фору­мында айтқан болатын. Ал 1995 жылғы...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді. «Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл...

Елорданың көктемгі әуендері

Наурыз айында «Астана Опера» камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын балалар мен ересектерге арналған жарқын концерттік бағдарламалар мен керемет спектакльдер күтеді. 5 және 9...

ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла: «Астана рухын» жандандыруымыз керек

24 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейне конференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысты. Сенат...

Рейтинг: Мемлекет тілін білмейтін министр кім?

Ranking.kz аналитикалық компаниясы қазақстандық министрлердің тіл білу рейтингісін жариялады. Қазақстанда екі министр 5, төрт министр 4, бес министр 3, жеті министр 2 тілді меңгерген. Ал...

Қат мамандық қайсы?

Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бүгін бәсі жоғары тұрған маман­дық­тар уақыт өте келе сұраныстан шы­ғып қалуы әбден мүмкін. Окс­форд университетінің ғалымдары...

Алматыда мыңнан астам ана сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне...

Димаш – ақиқатқа айналған арман

Әр ұлттың өніп-өскен, мекен еткен жеріне орай өзгеше болмысы қалыптасатыны ақиқат. Ұлы дала төсінде мыңдаған жылдар бойы еркін өмір сүрген, империя құрып ғасырлар бойы...

Түркі кеңесі елдерінің энергетика министрлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді...

Алғыс айту – ардың ісі

Негізін қазақ халқы құ­раған және күні бү­гінге дейін сол үр­діс тоқтаусыз жалғасып келе жат­қан мемлекетімізде қазақ­тан өзге жүзден астам ұлт өкіл­дері де осы елдің...

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайтынын айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде...

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді

Қазақстанда егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда аталған келісімнің немесе олардың жекелеген ережелерінің іске асырылуын тоқтату, сондай-ақ, жауап шараларын қабылдау тәртібі...

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді өз мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бүгін сенаторлар тиісті шартты ратификациялады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып...

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – Дана Нұржігіт

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Депутаттың айтуынша, бүгінгі...

«Болашақ» бағдарламасы – келешекке жасалған көлемді инвестиция

– Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жыл­дары жалпы ха­лық­тың жағдайы жақсы бол­ды, мына сала­ның дамуына ерекше жағдай жа­салды дей ал­маймыз. Қоғам өмірінің бар­лық саласы то­қырауға ұшырады....

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке орай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің депутаттық сауалында осы мәселені...

Мұрат Бақтиярұлы: Ашаршылықты зерттеу үшін ғалымдар мұрағатқа қол жеткізуі қажет

Ашаршылық тақырыбын жан-жақты зерделеу үшін ғалымдардың отандық және шетелдік мұрағаттарға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына...

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Былтыр Жамбыл облысында 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. Бұл жұмыстар жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан....

Дипломатия жемістері

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жария­лан­ғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға байланысты өмірімнің жиырмаға жуық жылын осы салаға арнаған дип­ломатия ардагері хақында, дербес...

Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы  Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Онда Сарыағаш ауданының балуан қызы Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде...

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. «Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның...

Президент: жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды және бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі...

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты тағы бір бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба аясында саябақтарға ағаштар егіледі. Оған...

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажеттігі туралы айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген...

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы елімізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы қашан өткізілетінін айтты.  "Қазір біз кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау биыл шамамен...

Қазақстандықтар медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алуы тиіс – Қ.Тоқаев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. «Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны...

Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырды

Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында...

Ауылда өз жұмысшыларына үй салып берген кәсіпкерлерге шығынның 50 пайызы қайтарылады – Президент

Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. «Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50...

Путин Жапаровқа Қырғызстанда орыс тілінің мәртебесін сақтаудың маңызын ескертті

Мәскеуге екі күндік жұмыс сапарымен барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Кремльдің хабарлауынша, Владимир Путин Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті қызметіне...

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Мейіржан Юсупов қызметінен босатылды. Үкімет басшысы сайтының мәліметінше, Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырауда дүниеге келген. Томск...

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

25 ақпаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады. Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға...

Қар, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды

Бір тәулік ішінде республиканың автожолдарында 155 бірлік техника шығарылды, 294 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл туралы КР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты. «Қазгидромет» РМК...

«Бірнеше күн нәр татпаған»: Ресейлік жазушы өз пәтерінде өлі күйінде табылды

Мәскеуде жас жазушы Аделина Шелдон өлі күйінде табылды. Бұл туралы Рен ТВ телеарнасы хабарлады.  Арна мәліметінге, 20 жастағы қыз өз пәтерінде көз жұмған. Соңғы бірнеше...

Пандемия салдарынан әлем әуежайлары қанша шығынға ұшырады?

Әлемдегі әуежайлар коронавирус кесірінен 112 млрд доллар шағынға ұшыраған. Мұндай мәліметті Әуежайлардың халықаралық кеңесі жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». Коронавирус жайлаған 2020 жылы шығын...

Коронавируспен ауырған балалардың денсаулығынан елеулі кінәрат анықталды

COVID-19-мен ауырған балалардың жартысында төрт ай бойы осы аурудың кем дегенде бір симптомы сақталады. Мұндай түйткілдер ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды "Известия". Мамандардың...

Трамп жарлығының күші жойылды: Байден кейбір шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді

АҚШ президенті Джо Байден елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың 2020 жылдың сәуірінде шетелдіктердің кейбір санаттарына елге кіруге тыйым салған Жарлығын жойды. Бұл туралы РИА...

Жуынатын бөлмеге телефонын алып кірген оқушы көз жұмды

Ресейдің Братск қаласында жуынатын бөлмеге телефон алып кірген оқушы қыз тоқ соғып мерт болды. Оқиғаға қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы РФ тергеу комитеті өңірлік...

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі бой көтереді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеп....

Нұр-Сұлтанда аяз: 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ...

Алматыда 16 мыңнан астам студентке арналған бірнеше жатақхана салынады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жоғары оқу орындары басшылығымен жатақхана құрылысы мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Жиында «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында жатақхана құрылысының барысы...

Атырауда Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасы қаланды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылында атақты Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасын қалады,- деп хабарлайды...

«Менің пірім- Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы

Абай атындағы ҚҰПУ-інде Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім-Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысының ақтық кезеңі 19 ақпанда өтті. Ақтық кезеңге 12...

Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған

Мемлекеттік сатып алулар сайтында ерекше лот  -  Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Балабақша 22,3 миллиард теңгеден астам...

БЖЗҚ еліміздегі ең жоғары зейнетақы қанша теңге екенін айтты

Еліміздегі ең жоғары зейнетақы 522 610 теңгеге жетті, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі. Қордың мәліметінше, 2021 жылғы 1 ақпандағы көрсеткіш бойынша БЖЗҚ 167 423 алушыға...

Ертісбаев Путиннің беделін көтеретін факторды атады (видео)

«Спутник V» вакцинасы бүкіл әлемде мойындалса, бұл жетістік Ресей үшін алғашқы Жер серігі ғарышқа жіберілген сәттегі КСРО-ның даңқымен пара-пар болуы мүмкін. Мұндай пікірді Yertysbayev...

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ернат Мұхамадиев...

Елорданың ірі мәдени ошақтары пандемия салдарынан қанша шығынға батқаны белгілі болды

«Astana Venue Management» ЖШС-ның бас директоры Мәлік Хасенов елордадағы мәдени нысандардың 2020 жылғы шығыстарына қатысты нақты деректермен бөлісті. «Егер әр нысанға қатысты нақты айтар болсақ,...

Қарызын қайтармаған досына оқ атқан павлодарлық 8 жылын түрмеде өткізеді

Сот үкімі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Сот 28 жастағы павлодарлықты қылмысқа дайындалғаны және кісі...

Ертісбаев Ұлттық кеңес туралы заңға екіұдай пікір білдірді (видео)

 Белгілі саясаткер Ермұхамет Ертісбаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы заң қабылдау жайлы ұсынысқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Yertysbayev Live  атты Youtube-арнасында...

«Абай» мәдени-іскерлік үйінің атқарар міндеті мол

Бүгінде жер-жаһанның 43 елінде тұратын этникалық қазақтардың қарасы 7 миллионға жетіп жығылады, алайда, ақпарат көздерінен белгілі болғандай, шекараның арғы шебіндегі отандастар саны 5 миллион...

Әлемді мойындатқан актерге адам зорлады деген айып тағылды

Есімі әлемге белгілі француз актері Жерар Депардьеге адам зорлау және сексуалдық зомбылық бойынша айып тағылды. Бұл туралы Риа Новости France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап...

Қазақстандықтар министрлерге қандай мәселемен келеді?

Nur Otan-ның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың министрлермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен онлайн-кездесулері жалғасуда. Қазақстандықтардың министрлерге қандай мәселелермен келетіні туралы партия Орталық аппаратының баспасөз...

1 наурыздан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейді

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейді. Жағымды жаңалықты Facebook парақшасы арқылы Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлады. «Сүйінші жаңалық! Ведомствоаралық комиссияның...

БҚО-да 24 елді мекен жарықсыз қалды

Батыс Қазақстан облысында 24 елді мекен электр жарығынсыз қалды. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сегіз ауданда барлығы 3112 абонент жарықсыз қалды. Атап...

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің...

Жол апатына кінәлі әйел полициядан қашамын деп мерт болды

Ресейдің Благовещенск қаласында жол-көлік оқиғасын жасап, із суытпақ болған әйел жол апатына түсіп мерт болды. Тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости....

Экология министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатаң талаптар қойды

Экология министрлігі "АрселорМиттал Теміртауға" Теміртауда 500 мың ағаш отырғызуды міндеттеді. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған брифинг барысында хабарланды. Министрліктің...

Алматыда қандай кәсіп иелері тапшы екені белгілі болды

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова онлайн брифинг барысында мегаполисте қандай мамандық иелері тапшы екенін айтты. Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласында мамандар тапшылығы...

«Қытаймен бәсекені күшейтеміз»: АҚШ пен Канада күш біріктірді

АҚШ пен Канада Қытайға қарсы тұру үшін күш біріктірді.  Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдомен өткізген бейнеконференциядан кейін мәлімдеді, деп...

Алматы мәйітханасының директоры ірі көлемде пара алған деп айыпталды

Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қалалық паталогоанатомиялық бюросының директоры Б.Әлібековке қатысты тергеу ісін аяқтады. Ол 2020 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша қол қойылған...

Шымкентте тойханаларды мектепке айналдыру ұсынылды

Шымкенттегі банкет залдары иелеріне жергілікті билік мектеп немесе кафе ретінде жұмыс істеуді ұсынды. Коронавирус пандемиясына байланысты көптеген ойын-сауық кешендері бір жылға жуық жұмыс істемейді. "Атамекен"...

Қазақстан нарығына екі жаңа автокөлік бренді шығарылмақ

Astana Group холдинг компаниясының негізін қалаушы және президенті Нұрлан Смағұлов екі жаңа автомобиль бренді биыл ел нарығына шығарылатынын мәлімдеді. Олар - Haval және Genesis...

Зейнет жасы: Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасы әзірленуде

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатқаны туралы айтылды. Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандырудың барлық үш деңгейі (ынтымақты, базалық...

Мәжілісте қатесіз жазуға қатысты құжат мақұлданды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл...

Төменгі жалақы мөлшерін арттыру мақсатында Жол картасы әзірленеді – Үкімет басшысы

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде жалақының төменгі мөлшерін арттыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленетіні айтылды. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың...

6,6 млрд теңге: Орал әуежайының ғимараты жаңартылмақ

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің айтуынша, «ҚПО б.в.» компаниясы арқылы әлеуметтік инвестициялар жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмысы басталды. Жоба бойынша терминал алаңы 4 мыңнан 10...

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соңғы күндері өңірде күн жылып, жиі қар жауып тұр. Жел жылдамдығы да артқан. Таулы аймақтарда көшкін жүру ықтималдығы жоғарылады....

210 мыңға жуықтады: коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр

Қазақстанда өткен тәулікте 753 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 93, Шымкент қаласы...

Мас күйінде көлік тізгіндеген азаматтың бас бостандығы шектелді

Өскемен қаласында алкагольді ішімдік ішіп  алып көлік тізгіндеген ер адам жазаға тартылды. ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің мәліметіне сүйенсек, былтыр көктемде ер адам әкімшілік жауапкершілікке...

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көрді, – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. «Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне...

Елімізде боран соғып, қар жауады – Қазгидромет

Сәрсенбі күні елімізде жел күшейіп, боран соғады, солтүстікте қалың қар жауып, оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, – деп хабарлады Қазгидромет. 24 ақпанда Қазақстан...

Oppo компаниясы ауа арқылы сымсыз қуаттау технологиясын ұсынды (видео)

OPPO компаниясы көпшілікті Oppo X 2021 құрылғыларын сымсыз қуаттаудың жаңа жүйесімен таныстырды, - деп хабарлайды EVO-RUS.COM. https://youtu.be/xALQxs1bJM0 Wireless Air Charging технологиясын Қытайлықтар MWC 2021 Shanghai көрмесінде...

Google қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады

Google Translate сервисі енді қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады, деп хабарлайды АА "NewTimes.kz". Бұл жаңарту 22 ақпанда пайда болды – 6.17.0. Айта кету керек, аудиоаударма тек...

АҚШ-та салынғанына 139 жыл болған үй алып тіркемемен жаңа орынға көшірілді (видео)

Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласының тұрғыны Тим Браун 139 жыл бұрын іргетасы қаланған өз үйін жаңа мекен-жайға көшірді. https://www.youtube.com/watch?v=u8l6eBUK-rM 1882 жылы салынған үй үлкен тіркемеге салынып, жүк...

«Алтын Орда» тарихына арналған киножобаға дайындық басталды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Алтын Орда тарихына арналған ірі киножобаның тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Осы мақсатта кино орталығының жанынан жұмыс тобы құрылған, ол ел...

Қандасымыз Риза Әлімжанқызы – Қытай киноиндустриясының жұлдызы

Қытайдың kazakcnr.com сайтында талантымен танылған қандасымыз, белгілі актриса Риза Әлімжанқызы туралы мақала жарық көрді. Аталған мақаладағы деректерге сүйенсек, Қытайда өнерімен көрермен көзайымына айналған Риза...

Елбасы Ақан Сатаевты қабылдады

Елбасы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады, – деп хабарлайды elbasy.kz. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының...

«Nur Otan» партиясының жол картасы: «Баспанамен қамту – басты назарда»

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына арналған Жол карталарын бекітті. «Nur Otan» партиясы сайлаудан кейінгі бір ай уақыт ішінде өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын...

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездесті, – деп жазды Ақорда. «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев Президентке...

Мемлекет басшысы Каспий теңізіндегі қызметке қатысты заңға қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының...

Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағанды фармацевтика кешені (ҚФК) базасында «Гам-КОВИД-Гак» («Спутник–V») вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі барысын және вакцинаның...

Білім саласының бір орында тоқтап қалған кезі жоқ

Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек Ері: – Тәуелсіздік алған жылдары жалпы халықтың жағдайы жақсы болды, мына саланың дамуына ерекше жағдай жасалды...