«Халықтық ІРО» бағдарламасының жағдайы мәз емес

«Халықтық ІРО» бағдарламасының жағдайы мәз емес

«Халықтық ІРО» бағдарламасының жағдайы мәз емес
ашық дереккөзі
219

 Соңғы уақытта «Халықтық ІРО» бағдарламасының акциялары күрт төмендеп кетті. Еліміздегі ұлттық компаниялардың акциялары қарапайым халыққа қол жетімді болғанымен, күн санап түскен құнды қағаз бағасы акционерлердің сенімін жағала бастады.

«ҚазТрансОйл» құнды қағаздарының құлдырауы тоқтар емес. Өткен аптада 10,2 пайызға арзандаған акциялар қазір 646 теңгеден сатылуда. «Халықтық IPО» бағдарламасы аясында сатылымға шыққан «Кегоктың» акциялары да мәз емес. Әу баста 500 теңгеден асып түскен баға қазір 392 теңгеге дейін төмендеген. «Қазақстан қор биржасы» АҚ вице-президенті Андрей Цалюк бұл жағдайды былай түсіндіреді: «Өкінішке қарай, акциялар арзандап жатыр. Бірақ бұл экономикалық жағдайға мүлдем қатысты емес. Компанияның өз әрекетіне байланысты.

Доллардың теңгеге қатысты ықпалын жоққа шығара алмаймыз»,- дейді. Биржа басшысының айтуынша, ұлттық компания өз акционерлеріне бір құнды қағаз үшін 39 теңге дивидент төлеуді қарастырған. Бұл ретте, әрине, акцияларды арзанға молынан алғандар пайдаға кенеледі. Ал сарапшылардың сөзіне сенсек, құнды қағаз құнының құбылуы рубьлмен тікелей байланысты болып отыр. «Рубьлдің девальвацияға ұшырауы қазақстандықтарға да көп сұрақ тудырды. Қазіргі жағдайда бұл кері әсерін беріп отыр. Біздің инвесторлардың акцияларға деген сұранысын азайтты. Бүгінде акцияларын сатушылар көп», — деді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының директоры Ерлан Бурабаев.

Акциялар айналымының аздығы халықтың қаржылық сауаттылығымен де байланысты. Мәселен, еліміздегі 17 миллион халықтың тек 90 мыңы құнды қағаздарды сатып алған. Соның ішінде 2 мыңға жуық адам биржа саудасында белсенділік танытқан. Бұл ретте, құнды қағаздармен жұмыс жүргізіп, пайда табудың жолын білгендердің айтарлықтай көп еместігін көтіп отырмыз.

Серіктес жаңалықтары