Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларына ракеталық шабуыл жасады

Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларына ракеталық шабуыл жасады

Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларына ракеталық шабуыл жасады
ашық дереккөзі
Иран АҚШ пен олардың одақтастарының күші шоғырланған Ирактағы екі әскери базаға ракеталық шабуыл жасады.  АҚШ Қорғаныс министрінің қоғаммен байланыс бойынша көмекшісі Джонатан Хоффман мәлімдемесінде 7 қаңтар күні кешкі 17:30 шамасында Иран әскерилері Ирак аумағында орналасқан АҚШ-тың әскери объектілері мен әскери коалицияларына 12-ден астам баллистикалық ракета жіберген. Иран ракеталарды Әл Ассад және Ирбид екі әскери базасына бағыттағаны анық. Пентагон өкілі қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемі есептеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Соңғы күндері Ираннан төнген қауіп-қатерге жауап ретінде АҚШ Қорғаныс министрлігі қызметкерлері мен серіктестерін қорғаудың барлық амалдарын жасап жатыр. Ирандық режим біздің күштерімізге шабуыл жасап, аймақтағы мүддемізге қарсы әрекеттерді жоспарлағандықтан, бұл екі база жоғары дайындықта болды. Жағдайды бағалай отырып, біз аймақтағы АҚШ қызметкерлерін, серіктестер мен одақтастарды қорғау үшін барлық шараларды қолданамыз. Өзгерістер болып жатса, хабардар етіп отырамыз», - деп атап өтті Джонатан Хоффман. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Стефани Гришэм Twitter-дегі парақшасына АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның кеңесшілері жағдайды мұқият бақылап отырғанын мәлімдеді.