Алматылық дәрігерлер екі күндік шақалақты өлімнен аман алып қалды

Алматылық дәрігерлер екі күндік шақалақты өлімнен аман алып қалды

Алматылық дәрігерлер екі күндік шақалақты өлімнен аман алып қалды
ашық дереккөзі
Алматыда ақ халаттылар туғанына екі күн болған нәрестені өлімнен аман алып қалды.  Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына туабітті ақаумен дүниеге келген нәресте жеткізілді. Шақалаққа сол жақ диафрагмалық көк еттің жыртылуы деген диагноз қойылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Баланың кеуде қуысындағы органдары көкірек тұсына ауысқан. Мұндай ақау болғанда балалардың барлығында дерлік жүрек-өкпе жеткіліксіздігі болады. Бұл жолы балаға ІІІ дәрежедегі өкпе, II дәрежедегі жүрек қан тамырлары жеткіліксіздігі, ІІ дәрежедегі қан айналымы бұзылған, миға оттегі жеткіліксіздігі деген диагноз қойылды»,- деді бөлімше меңгерушісі Мейіржан Құрманалиев. Хирургтар балаға торккоскопиялық әдіспен шұғыл ота жасады. Ота кезінде баланың көкірек қуысындағы органдар төмен түсірілді. Сонымен қатар, диафрагма еті тігілді. Отадан соң бала 20 күн қарқынды терапия бөлімшесінде жатты. Одан соң үйіне шығарылды. Бас дәрігер Абай Құсайыновтың айтуынша, мұндай ота Қазақстан бойынша тек осы орталықта жасалып жүр. Биылдың өзінде үш шақалақтың өмірі құтқарылды. Балалардың 60%-ы тасымалдау және ота кезінде шетінеп жатады.