16-22 желтоқсан аралығында Қазақстан жолдарында 104 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Солардың салдарынан 39 адам қаза тауып, 158-і түрлі жарақат алды.
Ішкі істер министрлігі бұның себебін ауа райының қолайсыздығымен байланыстырып отыр деп хабарлайды Zakon.kz.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, ауа температурасының 0 градусқа дейін күрт жылынуына байланысты жолда көктайғақ пайда болған, ал қалың тұман, жаңбыр мен қар жаууы жолдағы көлік қозғалысына едәуір кедергі келтіруде.
"Дегенмен, жол апатының санын азайту мақсатында полиция күнделікті БАҚ өкілдері арқылы қолайсыз ауа райы жағдайында көлік құралын пайдалану туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Көптеген жүргізушілердің жазғы дөңгелекпен айналмалы жолдар арқылы жабық қозғалысы бар жолдың қауіпті аудандарына шығып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған фактілері жиі тіркелген", – деп мәлімдеді министр үкімет отырысында.