Қазақстанның әуе тасымалы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Қазақстанның әуе тасымалы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Қазақстанның әуе тасымалы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
ашық дереккөзі
1517
Жыл басынан бері отандық әуе компаниялары 8 млн-ға жуық жолаушыны тасымалдаған, деп хабарлайды «Хабар 24». Жыл басынан бері еліміздегі әуе тасымалдаушылар 7,9 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл – егемендік алғалы қол жеткізілген айтулы көрсеткіш. Елдегі әуежайлар қызметіне 15 млн адам жүгінген. Жаңа жылға дейін олардың саны тағы млн-ға артады. Мамандар жыл сайын жолаушыларға қызмет көрсету үлесі 10 процентке артады деп болжауда. Оған таяуда іске қосылған «ашық аспан» режимі негіз болмақ. Бүгінде 11 отандық әуепорты аталмыш режимге қосылған. Нәтижесінде Польша, Малайзия, Беларусь, Кувейт және Оманға жаңа бағыттар ашылмақ. Бұл арқылы жолаушылар ағыны артады. Жалпы жыл басынан бері әуе компанияларының кірісі 369,2 млрд теңгеге жетті. Бұл 16 процентке артық көрсеткіш. Оның дені жолаушылар тасымалынан түскен.

Серіктес жаңалықтары