266
346 адамның өмірін қиған екі апаттан соң Boeing басшысы қызметінен кетті
346 адамның өмірін қиған екі апаттан соң Boeing басшысы қызметінен кетті
Америкалық Boeing авиакомпаниясының басшысы Деннис Меленберг компания жасаған ұшақтардағы кемшілікке байланысты дау-дамайдан соң қызметінен кетті.
Екі апат кезінде 346 адам көз жұмған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.
Былтыр қазан айында Индонезияда Lion Air әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 Max лайнері апатқа ұшырап 189 адам қаза тапты.
Биыл наурыз айында Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының осындай модельдегі ұшағы апатқа ұшырап, 157 адам көз жұмды.
Тергеу барысында екі апат кезінде де ұшуды басқару жүйесінде ақау болғаны анықталды. Осыдан соң көптеген елдер ұшақтың осы сериялы түрін пайдаланудан бас тартты. Boeing компаниясы таяуда ғана 2020 жылдың басынан бастап осы ұшақты жасап шығаруды уақытша тоқтататын мәлім етті.
Компанияның жаңа бас директоры болып басқарма басшысы Дэвид Кэлхун тағайындалды. Ол қызметіне 13 қаңтарда кіріседі. Boeing директорлар кеңесінің мәлімдеуінше, әбасшылықты ауыстыру компанияға деген сенімді қалпына келтірудегі қадам болған, оның мақсаты «737 MAX-ты ұшуға қауіпсіз етіп қайтару».