WhatsApp арқылы жеке куәлік пен банк карталарының суретін жіберуге болмайды

WhatsApp арқылы жеке куәлік пен банк карталарының суретін жіберуге болмайды

WhatsApp арқылы жеке куәлік пен банк карталарының суретін жіберуге болмайды
ашық дереккөзі
516
ҚР Ішкі істер министрлігі жеке куәлік пен банк карталарын WhatsApp арқылы жолдамауға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қауіпсіздік үшін кілт сөздерді (әлеуметтік желіде немесе телефонда) жиі өзгертіп тұрған жөн. Себебі, қазір қолыңыздағы телефонда бәрі сақталады. Өміріңізде бір рет болсын, WhatsApp арқылы жеке куәліктің суретін жіберген боларсыздар. Кей жағдайда азаматтар банк карталарының да суретін жолдайды. Мұндайдан сақтану керек. Өйткені, бұл құжаттардың көшірмесімен-ақ онлайн-сауда жасай беруге болады. Интернетті пайдаланудың қарапайым ережелелерін сақтаған дұрыс», - деді ҚР ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.  

Серіктес жаңалықтары