Еліміздің үш өңірінде жол жабылды

Еліміздің үш өңірінде жол жабылды

Еліміздің үш өңірінде жол жабылды
ашық дереккөзі
Қазақстанның үш облысында автокөлік жолдары жабылды. Бұл туралы  «QazAvtoJol» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл облысында Алматы – Ташкент - Термез автожолының Кенен – Қайнар ауылдары арасындағы 158-238 шақырымдары жабылды. Қарағанды облысында Екатеринбург - Алматы жолының Қарағанды – Балқаш бөлігі – 1505-1858 шақырымдары жабылды. Сонымен бірге, Жамбыл облысында Алматы – Ташкент – Термез автожолының Жамбыл және Түркістан облыстарының шекарасында 546-593 шақырымда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.