Балауса, дүр жігіт, ақбұрым: Адамның жас атауларын айыра білеміз бе?

Балауса, дүр жігіт, ақбұрым: Адамның жас атауларын айыра білеміз бе?

Балауса, дүр жігіт, ақбұрым: Адамның жас атауларын айыра білеміз бе?
ашық дереккөзі
1510
Қазақ халқы адамның әр жас кезеңіне өз ерекшелігіне қарай атау берген. Әрбір жасқа тән қасиеттерді дәл сипаттайтын атауларды шатастырмаған абзал.  1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте. 1 жастан 10 жасқа дейін – сәби. 1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек. 1 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін. 3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса. 6 жастан 7 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек. 13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім. 16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен. 20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз. 30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек. 40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте. 50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел. 60 пен 70 жас аралығы – қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже. 70 пен 80 жас аралығы – ақсақал, ақбұрым. 80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария. 90 мен 100 жас аралығы – селкілдек шал, селкілдек кемпір. 100 жастан жоғары – кейуана, баба.  

Серіктес жаңалықтары