236
Зейнеткерді тонаған банк қызметкері мен оның ұлы ұсталды
Зейнеткерді тонаған банк қызметкері мен оның ұлы ұсталды
Мәскеу полициясы 83 жастағы зейнеткердің 8 млн рубль қаржысын ұрламақ болған күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Ресей Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ирина Волк хабарлады, деп жазады РИА Новости.
«Мәскеулік тәртіп сақшылары қаладағы ірі банктің қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып егде азаматты тонауға әрекеттенген екі күдіктіні қолға түсірді», - дейді Ирина Волк.
Оның айтуынша, полицияға Мәскеудің 83 жастағы тұрғыны жүгініп, өзінің банк шотынан 8 млн рубльдің жоғалып кеткенін айтқан. Қылмыстық іздестіру қызметінің мамандарының жедел іс-қимылы нәтижесінде сол банкте қызмет ететін әйел мен оның ұлы ұсталды. Банк қызметкері зейнеткердің шотын өз танысының атына ауыстырған. Алайда ұрланған ақшаны шоттан шешіп үлгермеген.