3 Желтоқсан, 17:50 152 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Леонид Остроушко дүниеден өтті

Қазақ ССР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Қайрат» футбол клубының ардагері Леонид Остроушко 83 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды  клубтың баспасөз қызметі. 

Ол футболшы және тәлімгер ретінде де ұлттық құраманың жарқын өкілі болды. Алты маусымда Остроушко жоғары лигада ойнады, 200 матч өткізіп, 8 гол соқты. Бірінші лигада өткен 7 маусымда Остроушко 55 рет гол соқты. Сонымен бірге, 1957 жылы ол осы клубтың үздік бомбардирі атанды.

Леонид Константинович ұзақ жылдар бойы «Қайрат» футбол командасын жаттықтырды. 1986 жылы «Қайрат» КСРО чемпионаттарында КСРО жоғары лигасында 6-орынға ие болды. 1988 жылы алматылық футболшылар Кеңес Одағының Федерация кубогын жеңіп алды. 2003 жылы «Қайрат» Леонид Константиновичтің жетекшілігімен Қазақстан кубогының бес дүркін жеңімпазы атанды. «Қайрат» футбол клубы Леонид Остроушконың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

 

Соңғы жаңалықтар