Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды
ашық дереккөзі
425
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлы Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды.  Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов қала активіне шаһардың жаңа басшысын таныстырып, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Өңір басшысы облыс орталығы болған соң қала әкіміне жүктелетін жауапкершіліктің салмағы да жеңіл болмайтынын атап өтіп, әлеуметті мәселелерді шешуде, экономиканы көтеруде табандылық пен жүйелі жұмыстың керектігін баса айтты. Әсіресе, қала маңындағы саяжай-алқаптарды газдандыру мен таза ауыз су тарту, қаладағы жолдарды реттеу, жолаушылар тасымалындағы қоғамдық көліктерді электронды билеттендіру, аялдамаларды бірыңғай типке келтіру бойынша хаттамалық тапсырмалардың әлі күнге орындалмағанын тілге тиек етіп, жаңа әкімге осы орайда нақты шаралар қабылдау керектігіне назар аудартты. Оның өз еңбек жолын қала әкімдігінен бастағандығын, сондай-ақ, Жуалы, Талас аудандарының әкімі, бүгінге дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» Түркістан облыстық өндірістік филиалының директоры лауазымдарында қызмет атқарып келгендігін ескеріп, тәжірибесін елеп, сенім білдірді. Өз кезегінде Айтқазы Дәулетқұлұлы артылған жауапкершілікті сезінетінін, сенім үдесінен шығуға барын салатынын жеткізді.  width= Айта кетейік, Айтқазы Қарабалаев 1966 жылы туған, білімі жоғары. Еңбек жолын 1989 жылы Алматы қаласындағы №54 Тұрғын үй пайдалану басқармасының инженер-технигі болып бастаған. Әр жылдары «Хаир Ихсан» қайырымдылық қоры директорының орынбасары, «Тигро Хауд» сауда-өндірістік қауымдастығы бөлімінің меңгерушісі, директор орынбасары, Тараз қалалық сауда, шағын және орта бизнес басқармасының бастығы, қала әкімінің орынбасары, Жамбыл облыстық жергілікті бюджеттерге алымдар және жекелеген салық төлемдерін жинау агенттігінің директоры, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры, Жамбыл облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары, Жуалы ауданының әкімі, «Оңтүстік» ӘКК» АҚ ҰК» өкілдігінің Жамбыл облысындағы директоры, Талас ауданының әкімі, «ҚазТрансГаз Аймақ» Жамбыл облыстық өндірістік филиалы директорының кеңесшісі қызметтерін атқарған. Ал, 2019 жылдың сәуірінен бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» Түркістан облыстық өндірістік филиалының директоры лауазымында қызмет атқарып келді.  

Серіктес жаңалықтары