272
Алаяқтық үшін тұтқындалған «Алматыметроқұрылыс» басшысы босатылды
Алаяқтық үшін тұтқындалған «Алматыметроқұрылыс» басшысы босатылды
«Алматыметроқұрылыс» АҚ директорлар кеңесі төрағасы Қайрат Рейімов тұтқыннан босатылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
«Сот шешімі болды. Тұтқында ұстау 25 млн теңге кепіл қаражатты айқындау арқылы санкцияланды. Сондықтан процедуралық мәселелер бар. Қорғаушы тарап жылжымайтын мүлік құжатын ұсынып, ол бағаланды. Осы процедуралардан кейін ол кепілмен босатылды», - деді министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ өкілдері «Алматыметроқұрылыс» директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Рейімовтің ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.