Атырауда жазасын өтеуші түрмеде үйлену тойын жасады

Атырауда жазасын өтеуші түрмеде үйлену тойын жасады

Атырауда жазасын өтеуші түрмеде үйлену тойын жасады
ашық дереккөзі
728

Жазасын өтеп жатқан қалындық, бостандықтағы сөз байласқан жігітіне тұрмысқа шықты. Қос ғашықтың тойына түзету мекемесіндегі қызметкерлер ғана куәгер болды, деп хабарлайды  Астана арнасы.

Түрмедегі тойға бостандықта ата-ана, бауырлары қолдау білдірген. "Мен ешқашан түзету мекемесінде тұрмысқа шығамын деп ойлаған жоқпын. Соған қарамастан бақыттымын. Оны сүйемін және болашағымыз жарқын болады деп ойлаймын", - дейді жазасын өтеуші Татьяна Киселева. Күйеужігіт те бұрын шалыс басып, жазасын өтеп шыққан. Ол сүйгеніне жақын болуы үшін Ақтөбеден Атырауға қоныс аударып, осында жұмысқа орналасқан. Кездесуге келіп жүріп, нақты шешімді биыл көктемде ғана қабылдапты. Жастардың жоспарына ата-аналары қарсы болмаған.  width= "Анам қазір Санк-Петербургте, ағам да сонда. Олар  біледі. Уайымдап жүр. Қуанып жатыр. Біз Татьянамен бір ауданда, бір көшеде тұрдық.  Мен көшенің басында, ол аяғында тұрды.  Ортақ таныстар, достар болғандықтан кездесіп қалып жүрдік. Бірақ басында бір-бірімізге назар да аудармаппыз. Кейін жүрегіміз бірге соқты. Татьянаны үнемі ойлап, уайымдаймын", - дейді Атырау қаласының тұрғыны Вадим Кужбаев. Татьяна әйелдер коллониясының тігін цехында жұмыс істейді. Тігіншілікті түрмеде үйреніпті. Оның үстіндегі көз тартар қалыңдық көйлегі, тіпті фатасы, қолғабы мен гүлі де өзімен бірге жазасын өтеп жатқан тағдырластарының еңбегі. Екі күннің ішінде тігіп берді деді. Болашағына сенімді жас-жұбайлар Татьяна бостандыққа шыққанда дүркіретіп той жасаймыз,- дейді. "Менің екі жылым қалды. Бірақ рақымшылықтан үміттімін. Президентке рақымшылық сұрап жаздым", - дейді жазасын өтеуші Татьяна Киселева. Мекемесі басшылығының айтуынша, Татьяна тігін цехы қызметінен бөлек, мекемедегі барлық тәрбиелік-мерекелік шараларға белсене қатысады. Осыған дейін 7 алғыс хат алып үлгерген. "Бұл кісі әйел азаматшаны өлтірген бостандықта. Өзінің танысы бірге жүрген, әртүрлі себептермен осындай жағдай болған. 13 жыл мерзім берген бұл кісіге. 13 жылдың жарты уақытын отырып тұр ғой. Бұл кісіге  2 жылдан кейін 2022 жылы уақытынан бұрын босату деген бар. Ұсынысты, мінездемесін судьяларға жолдаймыз. Судьялар бұл кісінің өмірбаянымен танысып, бостандыққа шығуы мүмкін", -  дейді мекеме бастығының орынбасары Руслан Сұлтанов. Неке қию рәсімінен соң Вадим үйіне қайтты. Ал Татьяна отрядына оралды. Енді олар екі ай сайын екі күнге кездесіп тұра алады. Қазір мұнда 100-ден астам әйел жазасын өтеуде. Соңғы екі жылда 10 сотталушы өз қалауымен тұрмысқа шыққан. Айта кетейік, сотталушылардың 60 пайызы 30 жасқа дейінгі қыз-келіншектер.

Серіктес жаңалықтары