Өнерсүйер қауым ғасыр жасаған актрисаны ақтық сапарға шығарып салды

Өнерсүйер қауым ғасыр жасаған актрисаны ақтық сапарға шығарып салды

Өнерсүйер қауым ғасыр жасаған актрисаны ақтық сапарға шығарып салды
ашық дереккөзі
479
Кеше өнесүйер қауым қазақ театр өнерінің абыз анасы Айша Абдуллинаны ақтық сапарға шығарып салды. 103 жасқа қараған шағында дүниеден өткен актриса 15 жасынан 95 жасына дейін сахнадан қол үзбеген.  Айша Абдуллина – өнер жолын сонау қазақ театр өнері алғаш шымылдық ашқан жылдары бастаған актриса. Әуелі Әуезов театрында, одан кейін Жұмат Шанин атындағы академиялық театрда 65 жыл бойы үзіліссіз жұмыс жасаған. Бір-біріне мүлде ұқсамайтын 100-ден аса саxналық бейнені сомдап, әйелдер бейнесін тамаша орындап шыққан өнер иесі еді. «Баян, Қыз Жібек, Ақтоқты секілді аңызға айналған қазақ қыздардың рөлін ойнады. Кезіндгі өзінің әріптесі болған Күләш Байсейітовамен бірге осы біздің Әуезов театрында сол сұлу қыздардың образын жасаған. Бұл кісі өнерге аса бір тазалықпен берілген, өмірде де бір аса таза жүрген, ізінің бәрі таза, ісі де таза, ойы да таза, пиғылы да таза адам еді.  Сондықтан ондай адамды жоғалту өте қиын. Өмір табу мен жоғалтудан тұрса да, осындай жоғалтулар жүрекке ауыр тиеді», - деді ҚР Халық әртісі Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ. Театр табалдырығын 15 жасында аттаған қыз 95 жасқа толғанға дейін сонда қызу жұмыс атқарған. Содан өмірінің соңғы жылдарында халық әртісі Қырғыз еліндегі туған қызының қамқорында тұрды. «7 жылдан астам уақыт біздің қолымызда тұрды. Сонда да өзінің елін, жерін сағынып, мынадай көпшілікпен жұмыс істеп қалған, творческий кісілер сағынады екен. Оларға орысша айтқанда общение керек екен. Қаншама алақанымызға салып, күтіп, жақсы бақсақ та, оған ел керек, жұрт керек екен.  Өзі де бір жолы, о тырып, ойланып, жақсы өмір сүрдім, мен разымын сендерге деп, өзімен өзі осылай сөйлеп қалды», - деді А. Абдуллинаның қызы, Қырғыз республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айгүл ҚАРЫМСАҚОВА, Көрнекті театр және кино актрисасы Айша Абдуллина Кеңес үкіметі орнаған кезде алғашқы алаш зиялыларыменен, алаш көсемдерімен араласып, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Жұмат Шаниннің көзін көріп, үлгі-өнеге алған кісі. Одан әрі жаңа заман, тәуелсіздік алған кезді де бастан кешкен шежіре адам. «Қазақтың осы бір киелі, әдемі өнерін ол кісі өле-өлгенше алға бастады. Тәрбиесін беріп, ұлағатты сөздерін бәрін үйретіп отырды. Сондықтан кеше театрымыз абыройлы болып, үш номинацияны жеңіп келді Атырауда. Бұл – Айша апайымыздың еңбегі. Тәуелсіздіктің де рахатын көріп кетті бұл кісі. Меніңше, апамыз – бақытты кісі деп», - деді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мәжит ӘЛИАСҚАР. Жас буын үшін үлгі бола білген Айша Абдулинаның  бір ғасырлық мерейтойы  елордада, Алматы мен Шымкент қалаларында салтанатты жағдайда аталып өткен еді. Ұзақ жылғы өнер мен мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін ҚР Тұңғыш президенті - Елбасының мемлекеттік стипендиясына ілінді. «Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын алған. Айша апамыздың өмір жолы - үлкен мектеп. Оның келер ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Серіктес жаңалықтары