5689
Доминикандағы жол апаты: ресейлік 15 турист ауыр халде жатыр
Доминикандағы жол апаты: ресейлік 15 турист ауыр халде жатыр
Доминиканда автобуста жол апатына ұшыраған 15 ресейлік хал үстінде жатыр. Бұл туралы Listin Diario газеті жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл ақпаратты растаған Игуэй қаласындағы аурухананың директоры Хайме Родригестің айтуынша, Ресейдің 19 азаматы ауруханада жатыр.
Бұған дейін Listin Diario жол апатынан 17 адам зардап шеккенін хабарлаған еді. Апат сейсенбі күні Игуэй қаласының жанында болған. Ресейлік туристер мінген автобус әуежайға барар жолда жүк көлігімен соқтығысып, аударылып кеткен. Жүк көлігіндегі екі адам да жарақат алған.