Ресей әлемдік спорт жарыстарынан 4 жылға шеттетілуі мүмкін

Ресей әлемдік спорт жарыстарынан 4 жылға шеттетілуі мүмкін

Ресей әлемдік спорт жарыстарынан 4 жылға шеттетілуі мүмкін
ашық дереккөзі
262
Ресейді әлемдік спорт сайыстарынан 4 жылға шеттетілуі мүмкін. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) үйлесімділік комитеті осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды ВВС.  Егер ұсыныс қабылданса, Ресей Еуропа және әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізу құқығынан да айырылады. Тыйым салу туралы ұсыныс британиялық заңгер Джонатан Тэйлордың басшылығында жасалған ВАДА комитетінің есебіне қосылған. ВАДА сайтында осы ұйымның тәуелсіз комитеті РУСАДА-ның Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс талаптарын орындамай отырғаны мәлімделген. Допингке қарсы агенттіктің атқару комитеті ұсынысты 9 желтоқсан күні қарайтын болады. New York Times газетінің жазуынша, ВАДА өз комитетінің осы ұсынысын қабылдауы ықтимал. Оның 9 желтоқсанда қабылданатын шешімінің үстінен Лозаннадағы (Швейцария) арбитраждық сотқа апелляция шағымын түсіруге болады. Егер тыйым салу туралы ұсыныс қабылданып, апелляция да нәтиже бермесе, Ресей футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионаты, 2022 жылғы Әлем чемпионаты, 2020 жылғы Токио Олимпиадасы сияқты көптеген ірі жарыстардан шет қалады.  

Серіктес жаңалықтары