Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік! - Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Максимді құттықтады
 
								
                                                                                                Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік! - Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Максимді құттықтады
                                                                                                                                Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Максимді Junior Eurovision ән байқауындағы жетістігімен құттықтады. 
«Ержан Максим беделді Junior Eurovision ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!» деп жазды Президент twitter парақшасында.
 
                                                                                    
                        
                        
                     
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        