Тілшілердің тірегі, ұстаздардың ұстазы

Сондай-ақ!

Қазақстандықтарға интернет алаяқтардың арбауына түсіп қалу қаупі бар

Ақпараттық технология дамыған сайын білімді алаяқтар да көбеюде. Олар фишингтік сайттар арқылы адамдарды арбап, интернеттегі жеке деректерін ұрлайды. Оның соңы кейде түрлі қиындықтарға ұшыратуы...

Назарбаев жаңа мемлекетті «орбитаға» қалай жіберді

1991 жылдың соңы. КОКП-ның күйреуі және Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы жалпыхалықтық сайлауы. Ол кезде енді ғана тәуелсіздік алған ел үшін барлығы алғаш рет болды:...

ШҚО-да карантин ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 17 желтоқсанға дейін ұзартылды. ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы шықты. Онда өңір бойынша карантиндік шектеулер 17...

«Тақиялы періштеге» Баталов қандай сый-құрмет көрсетті?

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов ардагер, белгілі актер Әлімғазы Райымбековті қабылдап, 85 жасқа толуымен құттықтады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Амандық...

Қазақтілді ақпарат құралдарында қолына қалам ұстаған қыз-келіншектер ұстаз тұтып, өздерінің жазу-сызуларында бағдаршам сынды қабылдайтын бір кісі болса, ол – бүгінгі әңгімеге арқау болып отырған Сайраш апай Әбішқызы дер едік.

Ағарту саласын журналистикамен қатар ұстап, еліміздің мыңдаған педагогтарының да ұстазы саналатыны тағы ақиқат. Оған дәлел – «Қазақстан мектебі» журналын басқарған жылдары білім-ғылымның да талай келелі тірліктеріне араласып, әсіресе, тоқсаныншы жылдардың басында қазақтілді орта мектептер мен балабақшалардың көптеп ашылуына орасан еңбек сіңіргені де өз алдына бөлек әңгіме.

Өзінің сөзімен айтар болсақ, «Барлық ұлттық құндылықтардың қайнары – ана тілінде! Мектепте әлі буыны қатпаған, сөйлеу тілі қалыптаспаған, өз ойын ана тілінде толық жеткізе білмейтін баланы, өзі білмейтін екінші тілмен күштеу – бала психологиясына үлкен соққы»,– деп шырылдағаны да әлі құлағымызда, көкейімізде. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Тәуелсіз Платиналы «Тарлан» сыйлығының иегері Сайраш Әбішқызымен жақсы бір жиында кездесіп қалдық.

 

– Сайраш апай, «Шығармашылық шырағым – бақ жұлдызым» кітабыңыздың тұсаукесері құтты болсын! Сіздердің тұсыңызда қалай болғанын білмейміз, біз журналистикаға келгенімізде, қыз балалардың тұрмыс құрғаннан кейін жазудан қалатыны, олардан мықты журналист шықпайтыны жайлы көп естідік?

– Шын мәнінде, жазу-сызуға қабілет дегеніңіз, ол Тәңірдің сыйы деуге болады. Сондықтан да қай салада жүрсе де, ол бір кездері жүрекжарып шығатын шығармаларды дүниеге әкеліп жатады. Бұл сұрақтың төркіні де осы пікірден алыс емес. Өйткені журналистика факультетін бітіргенімен он жол мақала жазбай, газеттің корректорлығынан ары аса алмағандар да арамызда баршылық қой, міне, сондай жағдайды меңзегені болар. Ал техникалық немесе құрылыс институтын бітіріп, қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қомақты үлес қосқандардың жөні бөлек, әрине, сондықтан да жазуға қабілет, дарын, ол ана сүтімен берілетін қасиет екені ақиқат.

– Өзіңіз қалай келдіңіз?

– Иісі қазақ оқу-білім іздеп, талантын шыңдау үшін әр аймақтан, әр өлкеден әсем қала Алматыға аңсары ауады. Мен де 1961 жылы Семейдің Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылындағы орта мектепті күміс медальмен бітіріп, осындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институттың тарих-филология факультетіне қабылдандым. Солай қазақ тілі мен әдебиеті және оған қосымша тарих пәнінің мұғалімі деген мамандық бойынша қызыл дипломмен бітіріп шықтым. Ауылдан шыққан балалардың көпшілігі сол туған ауылын аңсап тұратыны сынды, менің де ойымда қалада қалу деген болмапты. Дипломым қолыма тиген күні өскен жерге тартып отырдым. Ақсуаттағы Ю.Гагарин атындағы  сегіз жылдық мектепте мұғалімдік жолым басталды. Ал ауылда қызмет атқару дегеніңіз, тіпті қызық, түрлі қоғамдық шараларға атсалысып, белсенділігің арта түседі. Сөйтіп жүріп, 1966 жылы аудандық комсомол комитетінің хатшысы болып тағайындалдым. Келесі жылы институттың ректоры С.Толыбеков, кафедра меңгерушісі, академик Қ.Жұмалиев қол қойған аспирантураға шақыру қағазын алдым да, бір жылдан кейін аспирант болып қабылдандым. Ғылыми еңбектер жазыла бастады. Жазуға деген махаббат осылай басталды.

Жетпісінші жылдың басында «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясына қызметке келдім. Марқұм Ұзақ аға Бағаев редактор, қабылдауына кіргенімде: «Аға, редакцияға еден жуушы болса да қызметке алыңызшы» дегенім есімде.  Өте мейірімді, талапшыл кісі ғой, маған біраз көз тоқтатып қарады да: «Бір-екі ай сынақта жүресің, егер жақсы жазып жатсаң, қабылданасың» деді. Менің журналистикаға қадамым осылай ел газеті «Егеменнен» басталған. Жеті жылдан кейін, яғни 1977 жылы «Қазақстан әйелдері» журналына жауапты хатшылыққа ауыстым. Одан кейін педагог-журналист ретінде республикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақстан мектебі» журналына бас редактордың орынбасары, қосымша «Бастауыш мектеп» журналының редакторы қызметін атқардым. Ал 1987 жылдан «Қазақстан мектебі» журналына басшылық жасадым. Журналдың жанынан «Отбасы және балабақша», «Информатика, физика, математика», «Қазақ тарихы», «Биология, география және химия» сынды жеке пәндерге арналған қосымшалар шығардық.  Бас редактор болған соң қоғамдық жұмыстардан тыс қала алмайсың, 1989-1991 жылдары аралығында Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы, қалалық мәслихаттың депутаты бола жүріп те, еліміздің ағарту саласындағы түйткілді мәселелерді көтеріп, оның оңды шешілуіне ұйытқы болған кездерім де ел есінде болар. Әрине, ел-халқың, сол туған халқыңның болашағы – жастардың келешегіне алаңдайтындықтан, ол саладағы атқарған қызметіңді бұлдамайтының да белгілі. Дегенмен, егемендіктің алғашқы жылдары еліміздің экономикасы ғана емес, білім-ғылымда да, мәдениетінде де тоқыраушылық болғаны тарихтан өше қойған жоқ. Халқымыз аумалы-төкпелі заманды бастан кешті. Жер-жердегі орталықтандырылған кітапханалар түгілі, қазақ тілді мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер жау тигендей қаңырап, бос қалғандары қаншама?!

– Ана тіліміз, қазақ тілі үшін күрескен жылдар деңізші, ол жылдардан біз де хабардармыз…

– Ғылымда дәлелденген, он сегіз жасқа дейінгі балалардың 40 пайызы өз ана тілінде сөйлемесе, ол ұлттың болашағы жоқ. Сол жылдары көптеген қалаларда қазақтілді мектептер бала санының аздығынан жабылып жатты. Демографиямыз тоқтап қалған жоқ,  халық санының қалыпты, тұрақты екені байқалатын. Шыр етіп өмірге келіп жатқан нәрестелер саны жеткілікті бола тұра, ол тәрбие ошақтары неге жабылуы тиіс? Осы мәселе өзекті болды. Көптеген қандастарымыз қазақтілді мектептердің білім беру сапасының төмендігін сылтау етіп, балаларын орыс мектептеріне тықпалады. Ал тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің түп қазығы – ұлттық тәлім-тәрбиеде, әдет-ғұрпымызда екенін ұмытуға айналдық. Қара орыстар көбейді. Қоғамдағы осы бір кезеңнен екіншіге өтер тұстағы, ауыспалы тұстағы бей-берекеттілікті осындай қасиеті аздау, санасы, бүкіл болмысы өзге ұлттарға еліктеуге бейімділер үшін «Құланның қасуына, мылтықтың басуы» дөп келгенін көріп, біліп отырып, үндемей қалуға болмас еді. Өзімнің ыңғайыма келетін сала болғандықтан, қаламыздағы біраз осындай шаралардың басы-қасында жүруге тура келді. Бір шенеунік құлақ асса, енді бірі есігінен сығалатпаған сәттер де болды.

– Сіздің жаратылысыңызға қарасам, өте намысшылсыз?..

– О, не дегенің,  кез-келген қазақ қызы тумысынан намысшыл, қайраткер. Дегенмен, қоғамға, қызметке араласа жүріп, бір ғана намысқа тиетін дүние бар, ол өзіміздің өгей күй кешіп жүрген тіліміз. Италиялық жиһанкез Реналью Гаспирин: «Мен әлемнің 141 елін араладым. Солардың ішінде өз мемлекетінде өз тілінде өмір сүре алмай отырған бейшара халықты көрдім. Ол – қазақтар»,– депті ( «ЕҚ», 18.03.2016. «Тіл – ұлттың тұтастығының тұғыры», Нұрбай Елмұратов).  Осы бір сөз жанымды жегідей жейді. Намысыма тиеді.

– Сайраш апай, біздіңше қолына қалам ұстаған қыз-келіншектер әлі де елеп-ескеріліп жатпайды. Неге?

– Африка халқының бір шығармасынан «Халқын мылтықсыз жаулағың келсе, сол халықтың әйелін жаула» дегенді көзім шалғаны бар-ды. Өте дұрыс айтылған. Оны өзіміздің Мұхаң да, атақты жазушы Мұхтар Әуезов те айтқан ғой. «Еліңді түзеймін десең, бесігіңді түзе»! Қандай салмақты сөз. Бұйрық!  Сөзіңнің жаны бар. Өкінішке қарай, биліктегілер былай тұрсын, қолына қалам ұстаған қаламгерлеріміздің өзі әйел затына арнап ән-жыр арнаса да, мақтауға келгенде сараң. Әлде қазақи менталитетімізге қарсы, әйелді мақтаса өсекке қаламыз деп үрейленетін болар. Әйтпесе, жазушылықтан, ақындықтан журналистикаға келген, тіпті екеуін де қатар алып жүрген мықты қаламгер қыздарымыз саусақпен санарлық болса да, баршылық. Дегенмен, өте жақсы байқағансың, әдеби жиындарда, осындай тұсаукесерлерде қазақ азаматтарынан қалыспай, қазақ әдебиетінің бір жүгін көтеріп келе жатқан қаламгер қыздарымыз жайлы бір жылы сөз күтетініңіз де жасырын емес. Неге екенін қайдам,  жүлде, сый-сияпаттарды айтпағанның өзінде, соларға бірауыз жылы лебіз білдіріп, тоқталып өтетіндері некен-саяқ. Бұл дегеніңіз, қыз баланы өмірге шыр етіп келгеннен бастап ерекше мәпелеп, тәлім-тәрбиесін үнемі назардан тыс қалдырмай, қадағалап отыратын қазақи үлгі-өнегемізге де кесір екенін, сол азаматтарымыз білмейді емес, біледі. Сезеді. Бірақ мақтауға келгенде «тоқыраушылық» басым. Ешкім біреудің мақтау сөзі үшін, не болмаса құрметі үшін қолына қалам алмайтыны ақиқат. Сондықтан, ол мәселені «жабулы қазан» күйінде қалдырайық. Бұл мәселеде  әңгіме өрбітсек, от алып кетіп, тоқтай алмай қалармыз…

 

Сұхбаттасқан

Таңсұлу АЛДАБЕРГЕНҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
вакцина

Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцинасы наурызда шығарыла бастайды

Коронавирусқа қарсы вакцина 2021 жылдың наурыз айында шығарыла бастайды. Бұл туралы Орталық...

Қазақстандықтарға интернет алаяқтардың арбауына түсіп қалу қаупі бар

Ақпараттық технология дамыған сайын білімді алаяқтар да көбеюде. Олар фишингтік сайттар арқылы...

Назарбаев жаңа мемлекетті «орбитаға» қалай жіберді

1991 жылдың соңы. КОКП-ның күйреуі және Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы жалпыхалықтық сайлауы....

ШҚО-да карантин ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 17 желтоқсанға дейін ұзартылды. ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық...

«Тақиялы періштеге» Баталов қандай сый-құрмет көрсетті?

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов ардагер, белгілі актер Әлімғазы Райымбековті қабылдап, 85...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...