«Нұрлы жол» бағдарламасының жаңа жобасы әзірленді

Сондай-ақ!

«Самұрық-Қазына» әлемдегі ең тиімді қорлардың ондығына кірді

«Самұрық-Қазына» қоры әлемдегі ең тиімді қорлардың ондығына кірді, деп хабарлайды samruk-akparat.kz. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің төрағасымен және Қытай инвестициялық корпорациясын...

«Қашағаннан» төрт жылда 50 млн тонна мұнай өндірілді

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан төрт жылда өндірілген мұнайдың көлемі 50 млн тоннаға жетті. «Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясы тағы бір...

Германияда локдаун жыл соңына дейін ұзартылды

Германияда қатаң карантин 20 желтоқсанға дейін ұзартылды. Шектеулер 2021 жылғы қаңтардың соңына дейін созылуы да мүмкін. Бұл туралы канцлер Ангела Меркель мәлімдеді, деп хабарлайды...

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 128 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 820 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.  Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 77 Алматы қаласы - 77 Шымкент қаласы - 11 Ақмола облысы...

ҚР Үкіметі отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму  Бейбіт Атамқұлов 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы және 2020-2025 жылдарға арналған осы бағдарламаның жаңа жобасы туралы айтып берді.

«Жаңа мемлекеттік бағдарлама халыққа қолайлы және қолжетімді болатын көлік инфрақұрылымын құруға бағытталған. Жаңа мемлекеттік бағдарламаның жобасы Үкіметке енгі­зіл­ді», – деп атап өтті министр.

2025 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі 6 триллион 598 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 58 пайызы (3,794,6 трлн теңге) республикалық бюджет қаражаты; 11 пайызы (715,3 млрд  теңге) – жергілікті бюджет қаражаты; 26 пайызы (1 триллион 759 млрд теңге) – мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі бойынша (МЖӘ) және жеке инвестициялар; 5 пайызы (329,6 млрд теңге) – ұлттық және мемлекеттік компаниялардың өз қаражаты.

Автожол инфрақұрылымын дамыту шеңберінде 10 мың шақырым жол қайта жаңарту және 11 мың республикалық желіні жөндеу, 27 мың шақырым жерг­і­лік­ті желіні жөндеу жоспарлануда. Ал темір жол саласында Достық-Мойынты учаскесін жаңғырту және Мойынты-Ақтоғай учаскесін электрлендіру қарастырылған. Шағын әуе желілерін дамыту мақсаттары үшін 16 әуеайлақ салынады. Сондай-ақ, су көлігін дамыту үшін 48 кеме бірлігін, оның ішінде 6 сауда флотын сатып алу және шлюздерге күрделі жөндеу жүргізіледі. Автомобиль көлігі саласындағы ұлттық стандартқа келтіру мақсатында шамамен 133 автостанция, автовокзалдар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттері  салынып және жаңғыртылады.

Осылайша, «Нұрлы жол» жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 551 мың жұмыс орны ашылып, оның ішінде 48,5 мың тұрақты және 502,2 мың уақытша жұмыс орындары пайда болады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі 2019 жылғы деңгейге қарағанда 20 пайызға артады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында көлік саласын дамытуға 5,8 трлн теңгеге тарта қаражаттың бағытталғандығын алға тартты. «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру барысындағы 5 жыл ішінде көлік секторының ЖІӨ көрсеткішіне құйған қаржының үлесі 7,9 пайыздан 8,9 пайызға дейін артқан. Ал 2025 жылға дейінгі «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру үшін 6 трлн 598 млрд теңге бағытталатын болады. Оның 1 трлн 759 млрд теңгесі – МЖӘ аясында қарастырылған қаражат пен жеке инвестициялар болса, 329 млрд 6 млн теңгесі – ұлттық және мемлекеттік компаниялардың қаражаты»,– деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, вице-министр «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жалғастыру аясында 2026 жылға дейін республикалық жол желілері бойынша автомобиль жолдарының 10 мың шақырымы қайта жаңарту жұмыстарынан өткізілетіндігін мәлім етті.

«5 жыл ішінде республикалық маңызы бар жолдардың 3 мың шақырымы салынып, қайта жаңарту жұмыстарынан өтті. Бұл – «Алматы- Қорғас» пен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық дәлізінің Қордай асуы айналма жолы»; «Нұр-Сұлтан – Қарағанды», «Нұр-Сұлтан – Павлодар – Семей – Қалбатау», «Алматы – Талдықорған», «Көкшетау – Петропавловск», «Ақтау – Шетпе», «Орал – Каменка», «Бейнеу –Ақжігіт» жолдары», – деді Б.Қамалиев.

 

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

«Басын кесіп алған»: Шымкент тұрғынын қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды

Шымкентте "Қайнар бұлақ" тұрғын үй массивінің тұрғындары бұталардың арасынан басы кесілген ер...

«Самұрық-Қазына» әлемдегі ең тиімді қорлардың ондығына кірді

«Самұрық-Қазына» қоры әлемдегі ең тиімді қорлардың ондығына кірді, деп хабарлайды samruk-akparat.kz. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»...

«Қашағаннан» төрт жылда 50 млн тонна мұнай өндірілді

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан төрт жылда өндірілген мұнайдың көлемі...

Германияда локдаун жыл соңына дейін ұзартылды

Германияда қатаң карантин 20 желтоқсанға дейін ұзартылды. Шектеулер 2021 жылғы қаңтардың соңына...

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 128 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 820 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...